

Физикалық және экономикалық география кафедрасы 2005 жылы география ғылымдарының докторы, профессор Г.М. Джаналееваның бастамасымен құрылды. Алғашында География және экология кафедрасының құрамында болған бұл бөлім, 2008 жылдың 16 қыркүйегінде ЕҰУ ректорының қаулысымен дербес ғылыми-білім беру бөлімшесіне айналды.
Кафедраны әр жылдары түрлі білікті мамандар басқарды. 2005-2010 жылдары кафедраны география ғылымдарының докторы, профессор Г.М. Джаналеева басқарды. 2010-2012 жылдары педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.А. Саипов жетекшілік етті. 2012-2014 жылдары кафедраға география ғылымдарының докторы, профессор М.Н. Мұсабаева басшылық жасады. 2014-2019 жылдары кафедраны география ғылымдарының докторы, профессор Қ.Т. Сапаров басқарды. 2019-2025 жылдары PhD, профессор м.а. Н.Е. Рамазанова жетекшілік етті. Қазіргі уақытта кафедраны PhD, аға оқытушы Қ.М. Сагинов басқарады.
Кафедраның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының жаңа буын білім беру стандарттарына сәйкес географтар мен гидрологтарды дайындау. Білім беру үдерісі құзыреттілік тәсілге негізделген. Ғылыми-педагогикалық қызметті дамыту мен нығайту да кафедраның басты міндеттерінің бірі.
Кафедра «География» және «Гидрология» мамандықтары бойынша үш деңгейлі білім беру жүйесін жүзеге асырады. Негізгі мақсат – білім сапасын арттыру, инновациялық әдістерді енгізу және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Бакалавриат бағдарламалары: 6В05209 – «География», 6В05210 – «Гидрология», 6В01524 – «География педагогтерін даярлау». Магистратура бағдарламалары: 7М05213 – «География», 7М05210 – «Гидрология», 7М01524 – «География педагогтерін даярлау». Докторантура бағдарламасы: 8D05213 – «География».
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамында 3 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты және 12 PhD бар. Бұл кафедра қызметкерлерінің 69,7%-ын құрайды. Оқытушылардың кәсібилігі олардың ғылыми дәрежелері мен атақтары арқылы расталады.
Кафедраның материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға сай. Бұл студенттердің сапалы білім алуына және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кафедра халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен тығыз байланыс орнатылған.
Қосымша ақпаратты төмендегі сілтемелер арқылы жүктеп алуға болады:
2025-2026 оқу жылына кафедра жұмыс жоспары
2024-2025 оқу жылы бойынша кафедра есебі
2023-2024 оқу жылына кафедра жұмыс жоспары
