
Кәсіптік бағдар беру жұмысы
Кәсіптік бағдар беру жұмысы
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Физикалық және экономикалық география» кафедрасынының профориентация жұмысының негізгі басты мақсаты - жалпы білім беретін мектептер мен техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін кафедрадағы «География», «Гидрология» және «География педагогтерін даярлау» мамандықтарын таныстыру және барынша түлектерге бағыт-бағдар беру болып табылады. Жалпы кафедрада білім беру бағдарламалары мына мамандықтар бойынша жүзеге асырылады және оларды жеке қарастыратын болсақ:
- Бакалавриат 6В05209 – География
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Қазіргі география (геоинформатика, қашықтықтан зондтау негіздері) саласында түсініктері бар және ғылыми-зерттеу және практикалық қызметте алған дағдылары мен біліктерін қолдана алатын іргелі географиялық білімі бар бакалаврларды дайындау.
Дәреже: 6В05209 - «География» білім беру бағдарламасында жаратылыстану ғылымдар бакалавры.
6В05210 – Гидрология
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Гидрология ғылымында іргелі біліміге ие, қазіргі заманауи инеженерлік гидрологияның жаңа бағыттары туралы көзқарастары бар және алынған білімді кәсіби қызметте қолдана алатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Дәреже: «6В05210 - Гидрология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының бакалавры.
6B01524 – География педагогтерін даярлау
Білім беру бағдарламасының мақсаты: География саласындағы теориялық білім мен қолданбалы дағдыларды меңгерген, мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру үшін заманауи білім беру технологияларын қолдана алатын география педагогтерін даярлау.
Дәреже: 6B01524 – «География педагогтерін даярлау» білім бері бағдарламасы бойынша білім бакалавры
- Магистратура 7М05213 – География
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Бағдарламаның мақсаты - география және геоэкология саласындағы ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары үшін жоғары білікті зерттеушілерді дайындау. Бағдарлама иеленген мамандығына сәйкес география және геоэкология салаларындағы ғылыми-зерттеу міндеттерді шешумен байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыруға; қазіргі геоақпараттық жүйелерді қолдана отырып теориялық-әдіснамалық, далалық және есептеу зерттеулерін ұйымдастыруға және жүргізуге қатысуға; географиялық және геоэкологиялық зерттеулердің әдіснамасын, жаңа әдістері мен технологияларын, география ғылымы саласындағы нормативтік және әдістемелік құжаттарды жетілдіруге және құрастыруға дайын мамандарды әзірлеуге бағытталған.
Дәреже: 7М05213- География білім бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдары магистрі.
7М05210 - Гидрология
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Гидрология бағытындағы мамандарды толығымен жұмыспен қамтамасыздандырылу мүмкіндігі мен жоғары оқу орнынан кейінгі тәуелсіз ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық кәсіби қызметке қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін олардың гидрология, су шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласында жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыра алатын бәсекелік қабілеттілікке сай кадрлар даярлау.
Дәреже: 7М05210–«Гидрология» білім бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдары магистрі.
7М01524 - География педагогтерін даярлау
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Ғылыми-зерттеу жұмысы мен педагогикалық қызметке қажетті фундаменталды-қолданбалы білім мен географияны оқытудың әдістемесін меңгерген жоғары білікті және бәсекеге қабілетті магистрлерді дайындау.
Дәреже: Білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі 7M01524 – «География педагогтерін даярлау».
- Докторантура 8D05213-География
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Бағдарламаның мақсаты – географиялық және геоэкологиялық мәселелерді шешумен байланысты қазақстандық және халықаралық ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, жеке және мемлекеттік компаниялар үшін біліктілігі жоғары зерттеушілерді дайындау. Бағдарлама иеленген мамандығына сәйкес география және геоэкология салаларындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік міндеттерді шешумен байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыруға; теориялық, далалық, зертханалық, эксперименттік және есептеу зерттеулерін ұйымдастыру мен жүргізу үшін жетекші немесе ғылыми ұжымның мүшесі ретінде қатысуға; географиялық және геоэкологиялық зерттеулердің әдіснамасын, жаңа әдістері мен технологияларын, география ғылымы саласындағы нормативтік және әдістемелік құжаттарды, географиялық және геоэкологиялық бағыттағы жоғары және орта кәсіби білімнің оқу-әдістемелік құжаттарын құрастыруға және т.б. дайын жоғары санатты мамандарды әзірлеуге бағытталған.
Дәреже: «География» 8D05213білім беру бағдарламасыбойынша философия докторы.
«Физикалық және экономикалық кафедрасы» профориентациялық жұмысында келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:
- жалпы білім беретін мектептер мен техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектеріне университет пен кафедра таныстырылады және ондағы мамандықтарға шолу жасалады;
- кафедраның артықшылықтары мен ерекшеліктері түсіндіріледі;
- түлектерге университеттің және кафедраның интернет сілтемелері (https://enu.kz/, https://fen.enu.kz/), әлеуметтік желілері (@enugumilyov_official) беріледі;
- 5B060900 – География, 5В061000 – Гидрология, 6М060900 – География мамандықтары бойынша талапкерлерге арналған проспектілер мен буклеттер дайындалады;
- Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Физикалық және экономикалық» кафедрасының Ашық есік күнін ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
- Астана мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу бойынша оқытушылардың тізімі дайындалады;
Нақтырақ айтатын болсақ, кафедрамыз Астана қаласындағы біршама мектептермен өзара серіктестік жұмыстарында атқарады, яғни №75 мектеп – гимназиясы, Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 мектеп – лицейі, Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп – гимназиясы түлектеріне жыл сайын Ашық есік күні өтіп, кафедрамен танысады.
