
Тәрбие жұмысы
2025–2026 оқу жылы (I семестр) бойынша тәрбие жұмысы жөніндегі жартыжылдық есеп
Физикалық және экономикалық география кафедрасында барлығы 33 академиялық топ жұмыс істейді: «География» білім беру бағдарламасы бойынша 25 топ (1 курс: 7 қазақ тобы, 3 орыс тобы), «Педагогикалық география» бойынша 10 бакалаврлық топ (7 қазақ тобы, 3 орыс тобы), сондай-ақ 4 магистрлік топ бар.
Топ кураторлары және аға куратор кафедра отырысында бекітілді (Хаттама №1). 1 курс «География» мамандығына кураторлар ретінде Қарағойшин Ж.М., Мұқанов Е.Н. бекітілді. «География мұғалімдерін даярлау» бағыты бойынша Сералиев А.Б. куратор болып белгіленді. Бірінші курс студенттерінің едәуір бөлігі №4 жатақханаға орналастырылды.
Контингент туралы мәлімет (2025 ж. қабылдау)
- Бакалавриат: «География» – 18; «География мұғалімдерін даярлау» – 28.
- Магистратура: «География» – 8 (қазақ); «География» – 7 (орыс); «Гидрология» – 3; «География мұғалімдерін даярлау» – 14.
- Докторантура: «География» бағыты бойынша – 5 докторант.
I оқу семестрі барысында тәрбие жұмыстары кафедра отырысында талқыланып, декан бекіткен жоспарға сәйкес жүргізілді. Топ кураторлары жоспардағы іс-шаралармен қатар жоспардан тыс топ жиналыстары мен тәрбие сағаттарын ұйымдастырды. Жартыжылдық кезеңде жоспарланған іс-шаралар белгіленген мерзімде орындалды.
Негізгі өткізілген іс-шаралар
- І курс студенттерін университет Жарғысымен, оқыту технологиясымен, жатақханада тұру тәртібімен және басқа да ережелермен таныстыру (29.08.2024; 119, 329, 328 ауд.).
- Бірінші курс студенттерінің бейімделу декадасы: кітапхана және оқу ғимараттарымен таныстыру, қаланың демалыс орындары мен спорт алаңдарын аралау, серуен ұйымдастыру.
Сілтеме: Instagram - «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шара.
Сілтеме: Instagram - «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес» тақырыбында кураторлық сағат (28 қазан; аға куратор Сансызбаева А.Б., В014-1524-23-05 тобы).
Сілтеме: Instagram - «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында ашық сабақ (Гидрология БББ, 2 курс; куратор Садвакасова С.Р.).
Сілтеме: Instagram - «Студенттік өмір: алғашқы қадамдар мен жаңа мүмкіндіктер» – университет өміріне бейімделу тренингі (30 қазан; 6В01524-25-01; Психологиялық қолдау орталығының бас маман психологы Айгүл Аширханқызы).
Сілтеме: Instagram - «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбаймен кездесу.
Сілтеме: Instagram - «В052 – Жер туралы ғылым» бағыты бойынша XVII республикалық олимпиада (18–19 қараша, 2025).
Сілтеме: Instagram - Республикалық олимпиаданың екінші кезеңіне өткен командаларды марапаттау.
Сілтеме: Instagram - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел (03 желтоқсан, 2025; комплаенс-қызметінің аға офицері Маненбаева Аңсаған Ерғалиқызы).
Сілтеме: Instagram - «Топонимика негіздері» пәнін қорытындылау мақсатында танымдық–интеллектуалдық жарыс (8–9 желтоқсан).
Сілтеме: Instagram - Спорттық жетістіктер:
- 26 қараша: География мамандығының 3 курс білім алушысы Баубеков Тамерлан – қол күресінен 1 орын.
- 14 желтоқсан, 2025: «QAZAQSTAN OPEN» (киокушинкай каратэ) чемпионатында География мамандығының 3 курс білім алушысы Алиев Алихан (75 кг дейін) – 3 орын.
Сілтеме: Instagram
- Халықаралық онлайн конференция: «Түркі халықтарының мәдени көпірі» (19 желтоқсан; Әзірбайжан сәулет және құрылыс университеті).
Сілтеме: Instagram
Жатақхана бойынша тәртіп және кезекшілік
№2 студенттер үйіндегі кезекшілік кестесі (11.11–16.11.2024) бекітілді. Жоспарлы және жоспардан тыс кезекшіліктер барысында құқық бұзушылық пен тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ. Кезекшілік кезінде кезекші кураторлар студенттермен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, жатақханадағы тұрмыстық және әлеуметтік мәселелер бойынша кері байланыс алды.
Қорытынды
Кафедраның тәрбие жұмысы жоспарға сәйкес толықтай орындалды. Тәрбие сағаттарының хаттамалары мен есептері жинақталған, ақпарат кафедраның ресми ақпараттық алаңдарында жүйелі түрде жарияланып отыр.
Аға куратор: Сансызбаева А.Б.
Кафедра меңгерушісі: Сагинов К.М.
Физикалық және экономикалық география кафедрасының 2023-2024 оқу жылының тәрбие жұмысы бойынша ақпарат
Физикалық және экономикалық география кафедрасында 33 География -25 топ (1 курс -7 қаз.т,. 3 орыс т.), Гидрология -8 (4 қаз. т, 4 орыс т.), Педагогикалық география 10 топ (7 қаз.т., 3 орыс т.) бакалаврлық топ, 5 магистрлік топтар бар.
Әр топтың кураторлары, сондай-ақ аға куратор кафедраның отырысында бекітілді (Хаттама 1). Бірінші курс кураторлары: Аралбекова М.А., Озгельдинова Ж.О., Токсанбаева С.Т., Оспанова Г.Ш., Сапаров К.Т., Аяпбекова А.Е., Шұлғаубаев Е.К., Сансызбаева А. болып бекітілді.
2023-2024 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары кафедра отырысында талқыланып, бекітілді. Бірінші оқу семестрі барысында әр топ өзіне бекітілген іс-шараларын орындады. Жоспарда студенттерді жан-жақты тәрбиелеудің негізгі мақсаттары мен бірнеше бағыты бойынша жұмыстар көрсетілді.
Атқарылған іс-шаралар
- І курс студенттерін университет Жарғысымен, оқыту технологиясымен, жатақханада тұру тәртібімен және басқа да ережелермен таныстыру (29.08.23 ж.).
- Бірінші курс студенттерінің бейімделу декадасы, Кітапхана мен оқу ғимараттарын таныстыру.
- Ұстаздар күніне орай «Ұстаз-ақылдың тозбайтұғын асылы» атты мерекелік іс-шара.
- Дәстүрлі студенттер қатарына қабылдау салтанатты шарасы (21.11.23 ж.).
- Гг-14, Гг-16 топтарының "АЛЖИР" саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражайына баруы.
- «Біздің Астанамыз» атты 1-курстар арасында географиялық кеш (3 қараша).
- «Өзіңнен баста» атты студенттік клубтың ашылуы (14 қазан).
- «Желтоқсан құрбандарын еске алу» Тәуелсіздік күніне орай іс-шара (12.12.23).
- «Елдің діни діңгегі-дәстүрлі ислам» атты тәрбие сағаты.
- «Театрға саяхат» атты театр қойылымына бару.
- «Сыбайлас жемқорлықпен күресу - ортақ парызымыз» тақырыбында кураторлық сағат.
- Желтоқсан айында өткен Университет көлемінде өткен Спартакиадаға қатысу.
- 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай іс-шара өткізу.
- Көрісу амал мейрамын факультет деңгейінде атап өту. [Сілтеме]
- Наурыз мерекесі қарсаңында «Хош келдің әз-наурыз» атты ашық кураторлық сағат өткізу.
- Кафедра оқытушыларының №4 студенттер үйіндегі кезекшілік кестесін бекіту.
- ENU BARYSY қазақ күресінен өткен жарыста кафедра студентінің жеңісі.
Қорытынды
Жыл көлемінде кафедраның тәрбие жұмысы жоспар бойынша толықтай орындалды. Барлық іс-шаралар уақтылы өткізіліп, студенттердің белсенді қатысуымен жүзеге асты. Барлық тәрбие сағаттарының протоколдары мен есептері бар, сайтқа толық ақпарат салынған.
Физикалық және экономикалық география кафедрасының 2022-2023 оқу жылының тәрбие жұмысы бойынша атқарылған іс шаралар
Физикалық және экономикалық география кафедрасында 33 бакалаврлык топ, 3 магистрлік топтар бар. Әр топтың кураторы, сондай-ақ аға куратор кафедраның отырысында бекітілді (Хаттама 1). Бірінші курс кураторлары: Мусабаева М.Н., Дарибай Т.О., Асылбеков К.М., Зинабдин Нурлыбек, Жангужина А.А., Ержанова Ж.С. болып бекітілді.Биылғы бірінші курс ерекшелігі, студенттер саны былтырғы оқу жылына қарағанда көп. Олардың көп бөлігі 2 жатақханаға орналасты. 2022-2023 оқу жылдарына арналған тәрбие жұмысының жоспары кезекті кафедра отырысында талқыланып, бекітілді.
Бірінші оқу семестрі барысында әр топ өзіне бекітілген іс-шараларын орындады. Жоспарда студенттерді жан-жақты тәрбиелеудің негізгі мақсаттары мен тәрбие берудің бірнеше бағыты бойынша жұмыстар көрсетілді. Топ кураторлары жоспарда көрсетілген іс шаралармен бірге жоспардан тыс топ жиналыстарын, тәрбие сағаттарын өткізді. Кафедраның тәрбие жұмыстары, кафедра отырысында талқыланған және декан бекіткен жоспар бойынша жүргізілді.
Физикалық және экономикалық география кафедрасы "Жер туралы ғылым" және "География педагогтарын даярлау" білім беру бағдарламасы бойынша Студенттер қатарына қабылдау салтанатты іс-шарасын өткізді.
Іс-шара 2022 жылдың 9 қарашасында өтті. Іс-шараға Факультет деканы Н.Л. Шапекова, барлық ЖҒФ студенттері және физикалық және экономикалық география кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ осы кафедраның түлектері қатысты. Биылғы оқу жылында білім алушылардың рекордтық саны түсті: Шифр-география - 125, гидрология-, география педагогтарын даярлау (272 адам). Іс-шараның мақсаты: ПОҚ және жоғары курс студенттерімен жақынырақ таныстыру.
Кафедраның қоғамдық – тәрбиелік жұмыстары жүргізілді. Топ кураторлары тәрбиелік іс-шаралардың жартыжылдық есебін өткізді. Жасалған жоспарға сай барлық іс-шаралар өз мерзімінде өткізілді. Жарты жыл аралығында келесідей іс-шаралар атқарылды:
- І курс студенттерін университет Жарғысымен, оқыту технологиясымен, жатақханада тұру тәртібімен және басқа да ережелермен таныстыру 29.08.22 ж. (119 ауд)
- Бірінші курс студенттерінің бейімделу декадасы. Топ кураторлары Кітапхана мен оқу ғимараттарын таныстырды.Қаланың демалыс орындарымен, спорт алаңдарымен таныстырды, серуенге шықты. Кураторлар Маштаева Ш.И. және Құрманғазы Ерсін
- Дәстүрлі студенттер қатарына қабылдау салтанатты шарасы 9.11.22 ж. өтті (Кафедра ұйымдастыруымен) https://fen.enu.kz/post/znakomstvo-studentov-s-pps-kafedry-fizicheskoj-i-ekonomicheskoj-geografii
- Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Гш-11, Гш-13 академиялық топтарының студенттері куратор К.М. Сагиновпен және аға куратор К. М. Арықбаевамен бірге "АЛЖИР"саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешеніне барды. Балалар қатты әсер алды, көптеген балалар еліміздің түпкір түпкірінен келген алғаш рет барды.https://fen.enu.kz/post/poseshenie-lagerya-alzhir-
- Гг-12,14; Гш-12 топтары кураторлары Жангужина А.А. және Ержанова Ж.С. бастап ұлттық мұражайға экскурсияға барды
- «Менің Қазақстаным» географиялық туристік-экологиялық-өлкетану сырттай саяхаты 1-курстар арасында 5 желтоксан күні танымдық, көңілді әрі қызық іс-шара ұйымдастырды жауапты Сагинов Қ.М.https://fen.enu.kz/post/geograficheskoe-ekologo-turistsko-kraevedcheskoe-zaochnoe-puteshestvie-moj-azahstan-
- «Желтоқсан құрбандарын еске алу» Тәуелсіздік күніне орай Мусабаева М.Н. 14.12.22 Гг-11 тобымен желтоқсан күні
- «Дін және жастар» атты тәрбие сағаты Әбдіжаппар Ұ.Т. Гид-21 тобымен https://fen.enu.kz/post/povyshenie-religioznoj-gramotnosti
- «Ислам – өмір айнасы» атты тәрбие сағаты 4.11.22 ж Гг-21,25 топтарымен куратор Арықбаева К.М. өткізді https://fen.enu.kz/post/povyshenie-religioznoj-gramotnosti
- «Менің туған елім» деген ұранмен 4 курс студенттері, оқытушы кафедра доценті А.Е. Аяпбековамен театрға барып қойылым тамашалады
- 2022 жыл 12 қазанында, сағат: 14:00, 333 каб. «Сыбайлас жемқорлықпен күресу - ортақ парызымыз» тақырыбында бірінші курс студенттері арасында ашық кураторлық сағат өткізілді.https://fen.enu.kz/post/-bor-ba-s-korrupciej-obshij-dolg-
- Константа қаласында Румынияда өткен Бес асық жарысында Әлем кубыгында Гг -25 студенті Аманжолова Аружан Гид-21 Даниярова Камилла чемпион атанды. Фото көрсетілген.
- Физикалық және экономикалық география кафедрасы оқытушыларының №2 студенттер үйіндегі кезекшілік кестесі 9.11-30.11.22 ж. екінші семестрде 15-28 ақпан аралығында бекітілді. Жоспарлы және жоспардан тыс кезекшіліктерде ПОҚ қатысты, кезекшілік кезінде еш құқық бұзушылық, тәртіп бұзу болмады. Мереке күндері студенттердің іс қимылы туралы кураторлық сағаттар жүргізілді.
- Гг-11 тобы кураторы М.Н. Мусабаева бастауымен 14.12.2022 күні «Желтоқсан құрбандарын еске алу» атты тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына орай кураторлық тәрбие сағатын өткізді.
- 20.01.2023 жыл «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында 4 курс студенттері Аяпбекова А.Е. жетекшілігімен Энергетика мұражайында болды. Жел, күн, ғарыш, су, биомасса, кинетикалық энергияның жаңалықтарымен, технологияларымен танысу. Көрме павильонындағы заманауи байланыс құралдарымен, инженерлік желілермен және ыңғайлы кірме жолдармен танысу. Трансформацияланатын залдармен танысу
- Аяпбекова А.Е. гг-33, 35 топтарымен ЭКСПО-2017 "Жасыл ауыл" объектісінде экскурсияда болды.
- КафедраПОҚ мен студенттер құрамы 14.03.2023 ж. күні Көрісу мерекесін тойлап, ұлттық салт дәстүрімізді дәріптеп құда түсу, сырға салу, сүйінші сұрау, көрісу дәстүрлерін көрсетті. Қонақтар келіп, дастархан жайылып, ән шырқалып, күй тыңдалды.https://fen.enu.kz/post/professorsko-prepodavatel-skij-sostav-i-studenty-kafedry-fizicheskoj-i-ekonomicheskoj-geografii-14-marta-tekushego-godaotmetili-k-risu-ajt-
1.18. Кафедраның білім алушылары 2023 жылдың 15 наурыз күні "Astana Clinic" медициналық орталығының гинекологы Т.Г. Софинамен кездесті. "Жастардың репродуктивті жүйесі" тақырыбы бойынша сұрақтар талқыланды.https://fen.enu.kz/post/reproduktivnoe-zdorov-e-podrostkov-i-molodezhi
- Наурыз мерекесі қарсаңында 20 наурыз күні кураторы Инкарова Ж.И. Гг-31 тобы «Қош келдің, әз Наурыз!» атты тәрбие сағатын өткізді. Халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын студенттерге ұғындыру.
Кафедраның оқытушы - профессорлар құрамы және студенттер университет, факультет, кафедра ауқымында өткен шараларға белсене араласты.
Факультет деңгейінде екі іс-шара, кафедра бойынша 8іс-шара, сондай-ақ мәдени мұрамен таныстыру мақсатында Астана қаласының мұражайына, театрға, Алжир мұражай-мемориалдық кешеніне барды.
Халықаралық жарыста кафедрамыздың екі студенті жеңімпаз атанды.
Қорыта келгенде, кафедрамыздың тәрбие жұмысы жоспар бойынша толықтай орындалды. Барлық тәрбие сағаттарының протоколдары мен есептері бар, сайтқа толық ақпарат салынған.
