
Жалпы биология жəне геномика кафедрасының рейтингісі

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізетін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының жыл сайынғы рейтингісінің қорытындысы жарияланды. 2026 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жалпы биология және геномика кафедрасының «6B05107- Биология» білім беру бағдарламасы бірінші орынға ие болып, биология бағытындағы мамандарды даярлау бойынша көшбасшылық мәртебесін растады.
«Атамекен» рейтингі жоғары білім сапасын бағалаудың ең объективті құралдарының бірі болып табылады, өйткені ол түлектердің еңбек нарығындағы сұранысқа ие болуының негізгі көрсеткіштеріне сүйенеді. Ранжирлеу барысында келесі критерийлер ескерілді:
- түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі;
- жас мамандардың орташа жалақысы;
- оқу жоспарларының өзектілігі мен практикалық бағыттылығы;
- бизнес-қоғамдастық пен жұмыс берушілер өкілдерінің сарапшылық бағасы.
Рейтингтегі жоғары көрсеткіш кафедраның профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсібилігін, білім беру процесінің ғылыми-зерттеу қызметімен терең интеграциясын және бағдарламалардың заманауи еңбек нарығы мен экономиканың инновациялық секторының талаптарына сәйкестігін айғақтайды.












