
Студенттер мен магистранттардың жетістіктері
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Жалпы биология және геномика кафедрасы білім алушылардың академиялық және ғылыми дайындығы бойынша жоғары көрсеткіштерге ие. Біздің студенттер жыл сайын Республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленіп келеді: 2024 жылы кафедра командалары («Sci spirit» және «NoVa») 1-ші және 3-ші орындарды жеңіп алса, 2025 жылы студенттеріміз тағы да үздік үштікке енді.
Кафедраның білім беру бағдарламалары «Атамекен» ҰКП ұлттық рейтингісінде тұрақты түрде 2-ші орынды иеленіп келеді. Студенттер мен магистранттар халықаралық зерттеу жобаларына және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысып, Еуропа, АҚШ және Түркияның жетекші орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Жасушалық биология және биотехнология ғылыми-зерттеу институтымен тығыз байланыстың арқасында түлектер жоғары бәсекеге қабілеттілік танытып, бейінді ғылыми және медициналық мекемелерге табысты жұмысқа орналасуда.






















