

Кафедраның операциялық жоспары
Жалпы биология және геномика кафедрасы 2011 жылы мамыр айында Биология және биотехнология кафедрасының базасында ұйымдастырылды. Кафедрада 22 оқытушы қызмет атқарады, соның ішінде 6 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты, 9 PhD, 2 магистр дәрежесіндегі иегерлері. Кадрлардың ғылыми дәрежелілігі 95%-ды құрайды. Докторанттар мен магистранттарға 13 штаттан тыс оқытушы дайындайды.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы кадрларды дайындау үрдісінде оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарын жетілдіріп келеді.
Кафедрада "6В05107 – Биология"; магистратура "7М05107-Биология", "6М060700-Биология","7М01513– Биология"; "8D05107 –Биология" мамандықтары бойынша білім бағдарламалары жүзеге асады.
Кафедра миссиясы – жоғары кәсіби, бәсекеге қабілетті мамандарды әлемдік стандарттарға сәйкес дайындау; қазіргі биология саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді жетілдіру.
Биологиялық білім беруде қазіргі деңгейде қамтамасыз ететін білім беру технологиясын, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін және келісім-шарт жобаларды жүзеге асыру мен жақын және алыс шетелдермен, ірі білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтуда.
Қазіргі кезде кафедраны бітірген түлектер еңбек нарығында еркін бәсекелестікке ие (орташа 80% жұмысқа орналасқан), Қазақстанның биология ғылымының түрлі саласында жұмыстар атқаруда.


