
ОҚУ ПРАКТИКАСЫ
5В060800-экология мамандығының 1-курс (Эг-11,12) студенттері оқу практикасын «Қарқаралы» МҰТС –да өткізді. 1 курстың оқу практикасы Қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжиниринг кафедрасы жасаған «5В060800- экология» мамандығының оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Оқу практикасының жұмыс жоспары «Қарқаралы» МҰТС мен келісіліп жасалды.
Мақсаты:
Ұлттық саябақтар табиғи зоналарына экологиялық мониторинг жүргізу, қоршаған ортаның ерекшеліктерімен танысу, және далалық зерттеу әдістермен жұмыс жүргізу.
Міндеттері:
- экожүйелерге жалпы кешенді баға беру;
- өсімдіктер және насекомдардан гербарий, коллекциялар, құрғақ препараттар дайындау;
- әртүрлі орталарда биоиндикациялар жүргізу.
Осы алға қойылған мақсат, міндеттерге жету үшін студенттер келесі жұмыс жоспары бойынша тапсырмалар орындады. 1. Оқу-дала практикасын өткізу орынына (Қарқаралы МҰТП) жету.Техникалық қауіпсіздік (ТҚ) туралы инструктаж өткізу. 2. Зерттеу нысанының табиғи ерекшеліктерімен, биоәртүрлілігімен танысу, экожүйелерге жалпы кешенді баға беру. 3. Зерттеу нысаны бойынша экологиялық сүрлеулермен танысу жағдайына баға беру. (Қарқаралы МҰТП аумағындағы Шайтанкөл, Үш үңгір, Бассейн көлі Табиғи мұражай) 4. Өсімдіктер және насекомдардан гербарий коллекциялар, құрғақ препараттар дайындау.5 Материалдар жинақтау, қорытындылау. 6. Практика бойынша құжаттарды тапсыру.

Практика барысында студенттер берілген тапсырмаларды орындау үшін топшаларға бөлініп жұмыс істеді. Табиғи музей, және экологиялық сүрлеулермен танысу барысында МҰТС қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Берілген тапсырмалар толығымен орындалып, жұмыс нәтижелерін жетекшілер алдында қорғады.

ОҚУ ПРАКТИКАСЫ 2023


