

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті QS World University Rankings рейтингінде 2020-2023 жылдар аралығында 418-ден 277-орынға көтерілді.
Химия кафедрасы 1992 жылы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі Ф.О. Сүйіндікова болды, ол 1997 жылға дейін кафедраны басқарды, 1997 жылдан бастап ЕҰУ-нің ғылым жөніндегі проректоры, профессор Р.Ш. Ерқасовтың шақыруымен кафедра меңгерушісі болып профессор Ташенов А.Қ. тағайындалып, ол 2020 жылға дейін кафедраны басқарған. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі химия ғылымдарының кандидаты, профессор Көпішев Эльдар Ертайұлы.
Университеттің оқыту және ғылыми қызметін іске асыратын оқу- ғылыми бөлімшесі ретінде кафедраның міндеті әлемдік стандартқа сәйкес жоғары дәрежелі бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау; химия саласында фундаментальды (іргелі қарқынмен) және қолданбалы зерттеулер жүргізу.
Кафедрада бакалавриат бағытында: 6B05301 - Қолданбалы химия, 6В05302- Бейорганикалық химия, 6В05306 - Органикалық заттар және полимерлер химиясы, магистратура бағытында: 7M05306 - Физикалық химия, 7M01512 - Химия, 7M05301 - Қолданбалы химия, докторантура: 8D05306 - Химия білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Химия кафедрасында 36 адам жұмыс істейді, олардың ішінде 5 химия ғылымдарының докторы, 28 химия ғылымдарының кандидаты және PhD докторлары бар, соның ішінде 8 профессор, 11 доцент.
Кафедра оқытушыларының арасында 1 Мемлекеттік сыйлық лауреаты, 11 «Жылдың үздік оқытушысы» атағының иегері, 8 Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері бар.
Химия кафедрасы жыл сайын химия пәні бойынша білім беру бағдарламаларының рейтингісіне қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болып келеді. 2021-2022 жылдары «Атамекен» рейтингінде 1 орын, 2020-2021 жылдары АРТА рейтингінде 1 орын. АРТА аккредитациясы Еуропалық жоғары білім аймағында ESG және Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясы WFME сапаны қамтамасыз ету стандарттарына сәйкестігін растайды, АРТА білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық агенттіктің EQAR тізіміне кіреді және Еуропалық білім беру сапасы қауымдастығының ENQA таныған және келесі әлемдік аккредиттеу агенттіктерімен танылған: INQAAHE – Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің халықаралық желісі; CHEA/CIQG – АҚШ-тағы жоғары білімді аккредиттеу жөніндегі кеңестің халықаралық сапа тобы; IREG – Академиялық саралау және артықшылық жөніндегі халықаралық обсерватория; CEENQA – Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің желілері; APQN – Сапаны қамтамасыз ету бойынша Азия-Тынық мұхит желісі, AQAAIW - Ислам әлеміндегі білім беру сапасының кепілдігі агенттіктері қауымдастығы.
Төменде көрсетілген бакалавриат білім беру бағдарламалары 6В05306 Органикалық заттар мен полимерлер химиясы, 6В05301 – Қолданбалы химия, 6В05302 Бейорганикалық химия – аккредиттеу және рейтинг бойынша тәуелсіз агенттікте 5 жылға, магистратура бағдарламалары 7M05306 Физикалық химия 5 жылға, 7М01512 Химия 7 жылға, 8D05306 докторантура бағдарламасы 7 жылға аккредиттелген. Жоғарыда аталған барлық аккредиттелген білім бағдарламалары DEQAR тізіліміне енгізілген, сондықтан біздің түлектер Еуропада, Азияда және Америкада оқуын жалғастыра алады немесе жұмысқа орналаса алады.
Табыстың құрамдас бөліктерінің бірі – педагогикалық ұжымның жоғары басылымдық белсенділігі. Соңғы 3 жылда Web of Science, Scopus мәліметтер қорына енгізілген журналдарда 40-тан астам мақалалар жарияланды, кафедраның 12-ден астам профессорлары мен доценттерінің Хирш индексі 3-тен жоғары.
Кафедра келесі бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді: бейорганикалық химия, аналитикалық химия, физикалық химия, органикалық химия, мұнай химиясы, нанохимия, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, табиғи қосылыстар химиясы, қалдықсыз және ресурстарды үнемдейтін технологиялар химиясы, жасыл химия.
Сабақтар үш тілде (орыс, қазақ, ағылшын) жүргізіледі. Студенттердің кіріс академиялық ұтқырлығы кеңінен дамыған, сондықтан соңғы 2 жылда Тәжікстаннан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Ресейден, Польшадан 21 азамат оқытылды, ал шығыс академиялық ұтқырлық бойынша студенттер Беларусь Республикасы, Франция, Ресей, Жапония, Армения, Румыния, Польша, Түркия, Чехия, Латвия, Финляндия елдерінде ЖОО білім алды. Профессорларымыз Бельгия (Левен католиктік университеті, Левен), Румыния (Орадя университеті, Орадя), Франция (Ауыл шаруашылығы институты, Лилль), Өзбекстан университеттерінде (Бұқара мемлекеттік университеті (Бұқара), Өзбекстан Ұлттық университеті (Ташкент), Әжинияз атындағы Нөкис мәмлекетлик педагогикалық институты (Нөкис)) дәрістер оқиды.
Сабақтарды кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ғана емес, сонымен қатар шақырылған шетел ғалымдары, химия ғылымдарының докторлары жүргізеді. Барашков Н.Н. (Micro-Tracers Inc., ҒЗТКЖ, Сан-Франциско, АҚШ), доктор Б.Г.Сухов (А.Е.Фаворский атындағы Иркутск химия институты, Ресей), доктор М.Шатрук (Флорида мемлекеттік университеті, АҚШ), Ph.D. Филиппов С.К. (Або Академиясының университеті, Турку, Финляндия), Брахим Елуади (Ла-Рошель университеті, Франция), Ph.D. Кривченко В.А. («Дубна» мемлекеттік университеті, Ресей).
2014 жылдан бастап ЕҰУ мен «Дубна» мемлекеттік университеті арасындағы қос дипломдық білім беру бағдарламасы аясында магистранттарды даярлау жүргізіліп жатыр.
Кафедрада Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы шығарылады. Химия. География. Экология сериясы.
| |
|
|
