
6B05209 – География. Практика
6B05209 – «География» білім беру бағдарламасы бойынша практика
1-курс: Оқу практикасы
Практика мерзімі: 2-семестрдің соңында
Өткізу орны: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы "Тұмар" оқу-сауықтыру орталығы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы
Мақсаты: Оқу практикасы студенттердің география саласындағы теориялық білімдерін тереңдетіп, далалық зерттеулер жүргізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Негізгі міндеттері:
- Далалық зерттеу әдістемесін меңгеру және бақылау нәтижелерін құжаттау;
- Микроклиматтық бақылау жүргізу, зерттеу аумағының климаттық сипаттамасын жасау;
- Геодезиялық құралдармен (GPS, компас, нивелир, рулетка, планшет) жұмыс істеу;
- Далалық материалдарды өңдеу, картографиялық және сандық деректерді талдау;
- Табиғи компоненттердің өзара байланысын зерттеу;
- Орман зонасы топырағының сынамаларын алу, олардың негізгі қасиеттерін талдау;
- Туризмнің түрлі техникасын, қауіпсіздік ережелерін және экспедициялық жұмыстарды меңгеру;
- Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға ынталандыру.
2-курс: Ландшафттану бойынша оқу-далалық практика
Практика мерзімі: 4-семестрдің соңында
Өткізу орны: Алматы облысы (Есік көлі, Түрген шатқалы, Шарын каньоны, Үлкен Алматы көлі, Шымбұлақ), Алтай өлкесі (Ресей), Башкортостан Республикасы (Ресей)
Мақсаты: Далалық ландшафттық зерттеулер әдістемесін меңгеру және табиғи жүйелерді бағалау тәжірибесін алу.
Негізгі міндеттері:
- Геожүйелерді анықтау және картографиялау;
- Ландшафттық кескіндеу әдісін меңгеру;
- Табиғи орта компоненттері арасындағы байланыстарды талдау;
- Табиғи жүйелердің антропогендік өзгерістерін зерттеу.
3-курс: Өндірістік практика
Практика мерзімі: 6-семестрдің соңында
Өткізу орны: Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік кәсіпорындары, ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік мекемелер
Мақсаты: Өндірістік практика студенттерді кәсіби ортаға бейімдеу, алған теориялық білімдерін нақты өндірістік жағдайда қолдану қабілеттерін дамыту.
Негізгі міндеттері:
- Кәсіпорынның құрылымы мен қызметін зерттеу;
- Географиялық зерттеу әдістерін қолдану;
- Өнеркәсіптік және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды зерттеу;
- Қоршаған ортаға әсерді бағалау және экологиялық мәселелерді талдау;
- Картографиялық, статистикалық және талдамалық материалдарды жинау және өңдеу.
4-курс: Педагогикалық практика
Практика мерзімі: 8-семестрде
Өткізу орны: Орта білім беру мекемелері, колледждер, гимназиялар
Мақсаты: Педагогикалық практика студенттерді оқытушылық қызметке дайындау, мектеп бағдарламасы бойынша география пәнін оқыту тәжірибесін игеру, оқушылармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізіледі.
Негізгі міндеттері:
- География пәнін оқыту әдістемелерін меңгеру;
- Сабақтарды жоспарлау, әзірлеу және өткізу;
- Оқушылармен өзара әрекеттесу және олардың үлгерімін бағалау;
- Интерактивті оқыту әдістерін қолдану;
- Оқу процесін ұйымдастыру және оқу-әдістемелік материалдармен жұмыс жүргізу;
- Мектеп ұжымы мен әкімшілігімен қарым-қатынас орнату.
4-курс: Диплом алды практикасы
Практика мерзімі: 8-семестрде
Өткізу орны: Ғылыми-зерттеу институттары, университеттер, мемлекеттік мекемелер, географиялық зерттеу орталықтары
Мақсаты: Дипломдық жұмысты орындауға қажетті материалдарды жинау, ғылыми зерттеу жүргізу, тәжірибелік мәліметтерді талдау және оларды ғылыми жұмыста қолдану.
Негізгі міндеттері:
- Ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру;
- Деректерді жинау, өңдеу және талдау;
- Географиялық карталар, GIS және басқа да зерттеу құралдарын пайдалану;
- Экспедициялық жұмыстар жүргізу;
- Ғылыми конференцияларға және семинарларға қатысу.
Практика бағдарламасы
Практика жоспарлары мен есептері
- 2025-2026 оқу жылы – Практика жоспары
- 2024-2025 оқу жылы – Практика жоспары
- 2024-2025 оқу жылы – Практика есебі
- 2023-2024 оқу жылы – Практика жоспары
- 2023-2024 оқу жылы – Практика есебі
- 2022-2023 оқу жылы – Практика жоспары
- 2022-2023 оқу жылы – Практика есебі
- 2021-2022 оқу жылы – Практика есебі
Практикалар студенттердің болашақ кәсіби қызметіне қажетті біліктіліктерді игеруіне мүмкіндік береді және олардың география саласында сапалы маман болып қалыптасуына ықпал етеді.
