
6B01524 – География педагогтерін даярлау. Практика
6B01524 – «География педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша практика
Практика бағдарламасы
1-курс: Оқу-далалық практикасы
Практика мерзімі: 2-семестрдің соңында
Өткізу орны: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы "Тұмар" оқу-сауықтыру орталығы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы
Мақсаты: Оқу-далалық практикасы болашақ география мұғалімдерінің табиғи ортада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Негізгі міндеттері:
- Географиялық нысандарды зерттеу әдістерін меңгеру;
- Далалық зерттеу әдістерін практикада қолдану;
- Климаттық бақылаулар жүргізу, географиялық құбылыстарды талдау;
- Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғауға ынталандыру;
- Топырақ жамылғысын, су ресурстарын және жер бедерін зерттеу әдістерін меңгеру.
- 2022-2023 оқу жылы – Практика жоспары
- 2022-2023 оқу жылы – Практика есебі
- 2023-2024 оқу жылы – Практика жоспары
- 2023-2024 оқу жылы – Практика есебі
- 2024-2025 оқу жылы – Практика жоспары
- 2024-2025 оқу жылы – Практика есебі
2-курс: Педагогикалық практика (бақылау практикасы)
Практика мерзімі: 4-семестр
Өткізу орны: Орта білім беру мекемелері (мектептер, гимназиялар, лицейлер)
Мақсаты: Болашақ мұғалімдердің мектептегі оқу-тәрбие процесімен танысуы, сабақ бақылау және талдау дағдыларын қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
- Оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеу;
- География пәні бойынша сабақтарды бақылау және талдау;
- Мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты зерттеу;
- Мектептің тәрбие жұмыстарының мазмұны мен әдістерін талдау;
- Мектеп құжаттарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
- 2023-2024 оқу жылы – Практика жоспары
- 2023-2024 оқу жылы – Практика есебі
- 2024-2025 оқу жылы – Практика жоспары
- 2024-2025 оқу жылы – Практика есебі
3-курс: Педагогикалық практика (асистенттік практика)
Практика мерзімі: 6-семестр
Өткізу орны: Орта білім беру мекемелері
Мақсаты: Оқытудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру, сыныппен жұмыс істеу тәжірибесін қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
- География пәні бойынша сабақтардың құрылымын зерттеу;
- Оқушылармен жұмыс істеу әдістерін меңгеру;
- Мектеп құжаттарын жүргізу дағдыларын дамыту;
- Мұғалімнің сабақ өткізу әдістерін бақылау және талдау;
- Интерактивті және ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін игеру.
- 2023-2024 оқу жылы – Практика жоспары
- 2023-2024 оқу жылы – Практика есебі
- 2024-2025 оқу жылы – Практика жоспары
- 2024-2025 оқу жылы – Практика есебі
4-курс: Педагогикалық практика (негізгі практика)
Практика мерзімі: 7-семестр
Өткізу орны: Орта білім беру мекемелері, колледждер, гимназиялар
Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби қызметін толық көлемде меңгеру, сабақ беру және оқушылармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Негізгі міндеттері:
- География пәнін оқыту әдістемелерін меңгеру;
- Сабақ жоспарын құру және сабақ өткізу;
- Оқушылардың оқу үлгерімін бақылау және бағалау;
- Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
- Оқу-әдістемелік материалдармен жұмыс жүргізу;
- Сынып жетекшісінің қызметімен танысу.
4-курс: Диплом алды практикасы
Практика мерзімі: 8-семестр
Өткізу орны: Ғылыми-зерттеу институттары, университеттер, білім беру орталықтары
Мақсаты: Дипломдық жұмысты орындауға қажетті материалдарды жинау, ғылыми зерттеу жүргізу, тәжірибелік мәліметтерді талдау және оларды ғылыми жұмыста қолдану.
Негізгі міндеттері:
- Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді талдау;
- Деректерді жинау, өңдеу және талдау;
- Сабақ өткізу әдістемесін жетілдіру;
- Педагогикалық инновацияларды зерттеу және оларды практикада қолдану;
- Ғылыми конференцияларға және семинарларға қатысу.
