
7M05213 - География
7M05213 - География
Қолдану саласы
Білім беру бағдарламасы география саласында магистрларды дайындауға арналған.
Берілетін дәреже
7М05213- «География» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Білім беру бағдарламасының мақсаты
География және геоэкология саласындағы ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары үшін жоғары білікті зерттеушілерді дайындау.
Бағдарлама иеленген мамандығына сәйкес география және геоэкология салаларындағы ғылыми-зерттеу міндеттерді шешумен байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыруға; қазіргі геоақпараттық жүйелерді қолдана отырып теориялық-әдіснамалық, далалық және есептеу зерттеулерін ұйымдастыруға және жүргізуге қатысуға; географиялық және геоэкологиялық зерттеулердің әдіснамасын, жаңа әдістері мен технологияларын, география ғылымы саласындағы нормативтік және әдістемелік құжаттарды жетілдіруге және құрастыруға дайын мамандарды әзірлеуге бағытталған.
Маманның лауазымдарының тізімі
- География және су қауіпсіздігі институты мен оның филиалдарының ғылыми қызметкерлері;
- түрлі ұйымдардың, жобалау, ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, ғылыми қызметкерлері;
- Мемлекеттік басқару органдарының және білім басқармасының, қоршаған ортаны қорғау ұйымдарының, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметкерлері;
- Мамандандырылған және жоғары білім беру орындарының оқытушылары;
Кәсіби қызмет саласы
- 7М05213- «География» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби қызмет саласы заманауи география,геоақпараттық картографиялау, геоэкология, туризм географиясы мәселелері мен ғылыми-зерттеу,өндірістік-жобалау және педагогикалық жұмыстарды қамтиды.
Құжаттар
- Білім беру бағдарламасы
- Элективті пәндер каталогы
- Даму жоспары
- Сараптамалық қорытынды
- Аккредиттеу сертификаты
