
7M05210 - Гидрология
7M05210 - Гидрология
Қолдану саласы
Білім беру бағдарламасы гидрология саласында магистрларды дайындауға арналған.
Берілетін дәреже
7М05210- «Гидрология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Гидрология бағытындағы мамандарды толығымен жұмыспен қамтамасыздандырылу мүмкіндігі мен жоғары оқу орнынан кейінгі тәуелсіз ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық кәсіби қызметке қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін олардың гидрология, су шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласында жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыра алатын бәсекелік қабілеттілікке сай кадрлар даярлау.
Бағдарлама иеленген мамандығына сәйкес география және геоэкология салаларындағы ғылыми-зерттеу міндеттерді шешумен байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыруға; қазіргі геоақпараттық жүйелерді қолдана отырып теориялық-әдіснамалық, далалық және есептеу зерттеулерін ұйымдастыруға және жүргізуге қатысуға; географиялық және геоэкологиялық зерттеулердің әдіснамасын, жаңа әдістері мен технологияларын, география ғылымы саласындағы нормативтік және әдістемелік құжаттарды жетілдіруге және құрастыруға дайын мамандарды әзірлеуге бағытталған.
Маманның лауазымдарының тізімі
- Гидрология, гидрометеорология, сушаруашылығы, гидросфераны қорғау саласындағы, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың оқу орындарының тиісті бөлімдерінде инженер, ғылыми қызметкер;
- Арнайы және жоғары білім беру орындарының оқытушылары;
Кәсіби қызмет саласы
- 7М05210-«Гидрология» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби қызмет саласы гидрология, су ресурстарын басқару және модельдеу мәселелері мен ғылыми-зерттеу, өндірістік-жобалау және педагогикалық жұмыстарды қамтиды.
