
КафедраларФизикалық және экономикалық географияБілім беру бағдарламалары
6B05209 - География
6B05209 - География
Қолдану саласы
Білім беру бағдарламасы география саласында бакалаврларды дайындауға арналған.
Берілетін дәреже
6В05209 - «География» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының бакалавры
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Қазіргі география (геоақпараттық картографиялау, қашықтан зондтау негіздері) саласында түсініктері бар және ғылыми-зерттеу және практикалық қызметте алған дағдылары мен біліктерін қолдана алатын іргелі географиялық білімі бар бакалаврларды дайындау.
Маманның лауазымдарының тізімі
- География және су қауіпсіздігі институты және оның филиалдарының қызметкерлері;
- Әр түрлі ұйымдардың, жобалау, ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, ғылыми қызметкерлері;
- Мемлекеттік басқару органдарының және білім басқармасының, қоршаған ортаны қорғау ұйымдарының, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметкерлері. Арнайы оқу орындарының оқытушылары;
Кәсіби қызмет саласы
- 6В05209 – «География» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби қызмет саласы заманауи география мәселелерімен байланысты ғылыми-зерттеу, өндірістік-жобалау және педагогикалық жұмыстарды қамтиды.
