
Зоология бойынша оқу-далалық тәжірибе
Қорғалжын қорығындағы зоологиядан жазғы оқу-далалық практика – 2025 ж.
Қорғалжын қорығындағы зоологиядан жазғы оқу-далалық практика – 2024 ж.
Қорғалжын қорығындағы зоологиядан жазғы оқу-далалық практика – 2023 ж.
Студенттердің зоология бойынша далалық тәжірибе туралы есебі – 2023
Қорғалжын қорығындағы зоологиядан жазғы оқу-далалық практика – 2022 ж.
Студенттердің зоология бойынша далалық тәжірибе туралы есебі – 2022
Жалпы биология және геномика кафедрасының 6В05107 - «Биология» мамандығының 2 курс студенттері Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағында зоология бойынша жазғы далалық дайындықтан өтеді.
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Бүкіләлемдік ЮНЕСКО мұрасы тізіміне кіреді, онда орналасқан Тенгиз-Қорғалжын көл жүйелері Қазақстанда және бүкіл Азияда жыл құстары үшін ең маңызды сулы-батпақ алқаптардың бірі болып саналады. Қорық Нұр-Сұлтан қ. оңтүстік-батысқа қарай 130 км қашықтықта орналасқан, сонымен қатар өзінің көлді-жазықтық алқаптары мен алуан фаунасымен әйгілі. Бұнын барлығы зоологиядан далалық практиканың қорықта өтуіне бірден бір себеп болады.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен мен Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы арасында ынтымақтастық туралы келісім бірнеше жылдан бері жасалған. Қорық аумағында тәжірибе үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Студенттер Қаражар кордонындағы Сұлтанкелді көлінің көркем жағасында орналасқан жайлы үйлерде тұрады

Күн сайын студенттер қорыққа экскурсия шығады, онда жануарлардың көптеген түрлерін бақылайды.




Экскурсия кезінде студенттер әр түрлі таксономиялық топтағы жануарлардың сыртқы түрін, мінез-құлығын, экологиялық сипаттамаларын бақылайды, сонымен қатар, олар әр түрлі омыртқасыздарды, атап айтқанда жәндіктерді жинайды, түстен кейін олардың түрлерін анықтайды.
|
|
Жазғы дала практикасының нәтижесінде студенттер зоология бойынша білімдерін бекітеді, Қорғалжын қорығының ерекше табиғаты мен фаунасымен танысады, омыртқасыздар коллекциясын жинайды, сонымен қатар баға жетпес тәжірибе жинақтайды және көптеген жарқын әсерлер алады.


