
Академиялық мобильділік
Академиялық мобильділік студенттер мен қызметкерлер арасында тәжірибе мен білім алмасу арқылы ЕҰУ-дің халықаралық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған. Студенттердің бір семестрлік оқу жыланан бір жылдық оқу мерзіміне дейін серіктес университетке баруға мүмкіндігі бар, және сондай-ақ ЕҰУ-нің оқытушылары мен қызметкерлері, оқытудың 5 күндік немесе одан да көп мерзімге таңдалған бағдарламаға байланысты, зерттеулер жүргізуге және тағылымдамадан өте алады.
Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мыналар болып табылады: жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, академиялық алмасу бағдарламаларына, бірлескен ғылыми-зерттеу және конференцияларға студенттер мен оқытушылардың қабылдау.
«6B05107-Биология» мамандығының студенттері
2025-2026 оқу жылы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Биология» білім беру бағдарламасының студенті Жания Амангелді Памуккале университетінде (Денизли қ., Түркия) бір семестрлік оқуын сәтті аяқтады
![]() |
![]() |
Оқу барысында негізгі назар практикалық дайындыққа аударылды: теориялық дәрістерден бөлек, студент лабораториялық және далалық жұмыстарға қатысты
Академиялық мобильділік бойынша студенттік есеп
2024-2025 оқу жылы

«Welcome to ENU» келуші академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Жалпы биология және геномика кафедрасында М. К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университетінің 2-курс студенті Слепцова Ирина (Ресей Федерациясы) білім алды.
2023-2024 оқу жылы
![]() |
![]() |
Нұрбердіева Әсемханым-3 курс студенті, 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 15 ақпанға дейін Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы Малайя университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыды.
![]() |
![]() |
Уразалин Жандос мен Есимов Бекзат - 3 курс студенттері, 2023 жылғы 03 қазаннан бастап 2024 жылғы 19 ақпанға дейін Вроцлав университетінің Биотехнология факультетінде, Вроцлав қ., Польша академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыды.
2022-2023 оқу жылы
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы есеп
![]() |
![]() |
Жұмағали Назира Жандосқызы - B050-5107-19-01 тобының студенті, 2022 жылдың 6 қазаны мен 2023 жылдың 7 ақпаны аралығында «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранты» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польшаның Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетте оқыды.
2021-2022 оқу жылы
![]() |
![]() |
Нұрбердиева Әсемханым -1 курс студенті, 2022 жылғы 28 ақпаннан бастап 2022 жылғы 10 шілдеге дейін Вроцлав университетінің Биотехнология факультетінде, Вроцлав қ., Польша академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыды.
«5В060700-Биология» мамандығының студенттері
2019-2020 оқу жылы
| Толық аты | Курс, топ | Ел, университет |
| Садуова Сания Аманжоловна | 3 курс, В3-60700-03 | Польша, Вроцлав университеті |
| Шәріп Айзат Aмантайқызы | 1 курс, B1-60700-03 | Малайзия, Паханг университеті Малайзия |
| Шеріпбекова Мадина Қойшыманқызы | 3 курс, B3-60700-01 | Түркия, Памуккале университеті |
| Нышан Ұлпан Дінмухаммедханқызы | 3 курс, B3-60700-01 | Түркия, Памуккале университеті |
Өзара түсіністік туралы меморандум негізінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Тувин мемлекеттік университеті арасындағы жоғары білім беру, ғылым және мәдениет салалары. Үш студент Тувин мемлекеттік университетінде білім беру бағдарламасының 5В060700– Биология курсынан өтті 










