
«ESG негіздері» пәні бойынша «ҚазМұнайГаз» АҚ маманының қатысуымен қонақ дәрісі өткізілді.

2025 жылғы 17 ақпанда Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг кафедрасында PhD, аға оқытушы Муратов Р.М. және «ҚазМұнайГаз» АҚ Төмен көміртекті даму департаментінің жетекші маманы Исниязова Диананың қатысуымен «ESG негіздері» пәні бойынша бірлескен қонақ дәрісі өтті. Дәріс «6В05208 – Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасының 1-курс білім алушыларға арналған.
Дәріс барысында студенттер тұрақты дамудың қағидаттары мен философиясымен танысып, ESG тақырыбының БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) байланысын қарастырды. Сондай-ақ, студенттер ESG-стратегияларын қалыптастырудың негізгі қағидаларын, осы жүйедегі өздерінің болашақ рөлін түсініп, ESG-тәуекелдерді бағалаудың маңыздылығын олардың нақты жүзеге асырылу мысалдары арқылы талдады. Лектор ESG саласындағы халықаралық стандарттарға жан-жақты тоқталды, олар тұрақты дамуға ұмтылған компаниялар үшін негізгі бағдар болып табылады. Студенттер Қазақстандағы тұрақты технологияларды дамыту перспективалары туралы белсенді сұрақтар қойды. Қонақ дәріс теориялық курстың маңызды толықтыруы болып, студенттерге ірі компаниялар өз қызметінде кездесетін нақты кейстер мен сын-тегеуріндермен танысуға мүмкіндік берді.






