
2024. АҚ «Астана-Энергия» ЖЭО-2 бойынша танысу экскурсиясы
АҚ «Астана-Энергия» ЖЭО-2 бойынша танысу экскурсиясы
2023 жылдың 5 желтоқсанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6В05208 – Экология және қоршаған ортаны басқару» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері АҚ «Астана-Энергия» ЖЭО-2-да болды, онда қоршаған ортаны қорғау басқармасы мен қазандық цехының жұмысымен таныстыру сапары өтті.
Бұл экскурсияның мақсаты студенттердің кәсіпорындағы өндірістік экологиялық мониторинг кезінде жабдықтар мен қондырғылардың жұмысы туралы түсініктерін қалыптастыру, сондай-ақ АҚ «Астана-Энергия» қызметіндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының, экологиялық стандарттарының, нормалары мен ережелерінің қолданыстағы талаптарын сақтай отырып сәйкестік пен сәйкессіздікті анықтау үшін зертханалық экологиялық зерттеулер жүргізу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау департаменті бірнеше кезеңнен тұратын арнайы бағдарлама әзірледі:
- Теориялық оқыту:
- Қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында стратегиялық учаскеде оқытуды өткізу;
- Атмосфераны ластау көздері ретінде қазандық қондырғыларының жұмыс істеу принциптері туралы дәріс;
- Өндірістік экологиялық бақылауға қатысты заң талаптарын, экологиялық стандарттарды, нормалар мен ережелерді зерттеу.
- Практикалық жаттығулар:
- Жабдықтармен және тазалау құрылғыларымен тікелей танысу үшін қазандық цехына экскурсия;
- Кәсіпорын қызметінің заң талаптары мен экологиялық стандарттарға сәйкестігін анықтау үшін зертханалық экологиялық зерттеулер жүргізу.
- Пікірталастар мен талқылаулар:
- Алынған мәліметтерді талқылау, проблемалық мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын табу үшін экскурсия және практикалық жаттығулардан кейін пікірталастар мен топтық талқылаулар ұйымдастыру.
- Қорытындылау:
- Қорытынды бөлімде студенттер өз қорытындыларын, кәсіпорындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарын айтып, пікір алмасты.

