
КафедраларҚоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг кафедрасыЭкологиялық акциялар мен іс-шаралар
«Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясындағы қалалық сенбілік

2023 жылдың 16 қыркүйегінде «Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасының бірінші курс білім алушылары «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында қалалық сенбілікке қатысты. Экоакцияның негізгі мақсаты — қоғам назарын қала көшелерінің тазалығын сақтау мәселелеріне аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.


