
Бакалавриат 6В05208 Экология және табиғатты пайдалану
Қолдану саласы
Білім беру бағдарламалары салалық өнеркәсіп кәсіпорындарына арналған эколог-мамандарды және экологиялық мониторинг қызметтерін оқытуға, табиғи орта мен адам денсаулығының сапасын бақылауға арналған
Білім беру бағдарламасының коды мен атауы
6В05208 Экология және табиғатты пайдалану
Нормативтік-құқықтық қамтылуы
«Білім» туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (27.07.2022ж. №2),
Жоғарғы және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері (18.11.2022 ж. №145)
Кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережелері (12.10.2018 ж. №563)
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды дайындау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы (05.06.2020 ж. №234). хаттама
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 10-3-16 / 29781
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Кодексi (Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 126, 2017 жылғы 24 мамырдағы № 156 Заңымен)
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім мен инновацияны тығыз интеграциялау қағидалары бойынша экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану саласында білікті мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы
Білім беру бағдарламасы қоршаған ортаны қорғау саласында қолдану үшін қажетті базалық және кәсіби дағдыларды игеруге арналған.
Берілетін дәреже:
«Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының бакалавры
Маманның лауазымдарының тізімі
Өнеркәсіп бойынша эколог, экологиялық техника; экологиялық инспектор; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі техник; қоршаған орта инженері; демалыс және туризм саласының нұсқаушысы; экологиялық білім бойынша техник; экологиялық білім берудегі нұсқаушы (маман); ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың технигі; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инспекторы; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ғылыми қызметкер, менеджер, экологиялық сарапшы.
Кәсіби қызмет саласы
Өндіріс, қоршаған ортаны қорғау және мониторинг, қоршаған орта сапасының және адам денсаулығының мониторингі.
Кәсіби қызмет объектісі
Қоршаған ортаны қорғау территориялық басқармалары, ұлттық саябақтар, қорықтар, қорғалымдар, биофералық резерваттар, өндірістік орындар, агроөндірістік кешендер, полигондар, энергетика саласының объектілері, АЭС.
Кәсіби қызмет функциялары
Сараптамалық-талдамалық: қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінде экономика салаларын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және экологиялық сараптама мен экоаудитті жүргізуге қатысады.Ұйымдастырушылық-басқарушылық: экологиялық мәселелер бойынша халыққа консультациялық қызмет көрсетеді; экологиялық мониторинг жүргізуге қатысады.Өндірістік: қоршаған табиғи ортаның ластану деңгейіне зертханалық зерттеулер жүргізу және материалды жинауды жүзеге асырады; кәсіпорындардың экологиялық паспортын жасауға және экология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысады.
