
"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг" кафедрасы 2008 жылы құрылды.
Миссиясы: Еуразиялық аймақтағы ең үздік кафедра болу, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мен алдыңғы қатарлы білімдерді ұсыну, барлық білім деңгейінде экология мамандығы бойынша жоғары білікті кадрларды дайындау, экономиканың басым салаларының үйлесімді дамуына үлес қосу, мемлекет пен қоғам алдындағы өз қызметінің нәтижелеріне жауапкершілікпен қарау.
Кафедраның кадрлық құрамы мамандарды келесі бағыттар бойынша дайындайды:
Бакалавриат: 6B051 Қоршаған орта4
Магистратура (ғылыми-педагогикалық бағыт): 7M05206 Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және 7M05207 Табиғи ресурстарды басқару
PhD докторантура: 8D087 Қоршаған ортаны қорғау технологиясы
2023-2024 оқу жылында кафедрада 18 штаттық оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 2 доктор, 8 ғылым кандидаты, 6 PhD, 2 ғылым магистрі. Бакалавриат білім беру бағдарламасында ғылыми дәрежелері мен атақтары бар оқытушы-профессорлар құрамының үлесі 88,8%-ды, магистратурада 100%-ды, докторантурада 100%-ды құрайды.
