
Ғылыми басылымдар
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Химия. География. Экология сериясы
ISSN 2616-6771 eISSN 2617-9962
Тақырыптық бағыты: Химия, география және экологияның барлық бағыттары бойынша ғылыми мәселелер бойынша материалдар шығару.
Басылым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Жиілігі: жылына 4 рет.
Ашық қолжетімділік саясаты. Журнал мақалалары барлығына тікелей қолжетімді (мақалалар мұрағатына сілтеме https://bulchmed.enu.kz/index.php/bulchmed/issue/archive). Ол зерттеу нәтижелеріне еркін ашық қолжетімділігі жалпы білім деңгейінің артуына ықпал етеді деген қағидаға негізделген.
Мұрағаттау. Ғылыми журналдың электронды нұсқалары қорды қалыптастыру және электронды кітапханаға енгізу үшін «МҒТСҒО» АҚ-на беріледі. Журнал Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Ғылыми кітапханасының каталогында және Elibrary.ru сайтында материалдарды архивтейді.
