
Педагогикалық практикасы
Магистранттар мен докторанттардың педагогикалық практикасы — болашақ оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерді жоғары білім беру жүйесінде табысты педагогикалық және әдістемелік қызметке қажетті құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі.
Мынандай білім беру бағдарламалары бойынша магистранттар үшін:
- 7M05301 – «Қолданбалы химия»
- 7M01512 – «Химия»
- 7M05306 – «Физикалық химия»
-7M05307 – «Органикалық заттар химиясы және мұнай химиясы»
педагогикалық практика 15 апта бойы өткізіліп, 4 кредитті құрайды.
Докторанттар үшін:
- 8D05306 – «Химия»
педагогикалық практика 10 апта бойы өткізіліп, 10 кредитті құрайды.
Педагогикалық практиканың мақсаты — магистранттар мен докторанттардың оқытушылық қызмет негіздерін меңгеруін, әдістемелік дағдыларын қалыптастыруын, сондай-ақ жоғары және орта кәсіби білім беру жүйесінде жұмыс істеу үшін қажетті коммуникативтік және кәсіби құзыреттерін дамытуын қамтамасыз ету.
Педагогикалық практика – болашақ оқытушылар мен ғалымдарды даярлаудың маңызды кезеңі. Практика барысында студенттер жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы саласындағы білімдерін тереңдетеді, химиялық пәндерді оқыту әдістемесін меңгереді, оқу материалдарын студенттердің дайындық деңгейіне қарай бейімдеуге үйренеді. Сондай-ақ, олар дәрістер, практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар мен семинарлар жүргізуге арналған материалдарды әзірлеу және өткізу тәжірибесін алады, білім алушылармен, әріптестермен және білім беру мекемесі әкімшілігімен қарым-қатынас дағдыларын дамытады. Практика барысында студенттер оқу процесіне қатысты құжаттармен танысып, білімді бақылау және бағалау әдістерін меңгереді. Жоғары оқу орнында оқыту тәжірибесі болашақ мамандардың кәсіби сенімділігін арттырып, білім беру және ғылым саласындағы жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
Педагогикалық практика кәсіби қалыптасудың маңызды алаңы болып табылады, алынған білімді іс жүзінде қолдануға және болашақ ғылыми-педагогикалық қызметке дайындалуға жағдай жасайды.
Практика бағдарламасы
- Докторантурадағы педагогикалық практика бағдарламасы
- Педагогикалық бағыттағы магистратурадағы педагогикалық практика бағдарламасы
- Ғылыми бағыттағы магистратурадағы педагогикалық практика бағдарламасы
