
Ішкі сапаны бағалау
Білім беру қызметінің сапасын ішкі бағалау және білім алушыларды білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жүйесі білім беру бағдарламалары бойынша академиялық қызметтің мәнін құрайтын процестерді сүйемелдеуді реттейтін жергілікті нормативтік актілерге сүйенеді.
Сапаны ішкі бағалаудың мақсаты білім беру бағдарламаларын жетілдіру және Л.Н. Гумилев ЕҰУ-да әзірленген және іске асырылатын жоғары білімнің білім беру стандарттарында белгіленген талаптардың бұзылуына жол бермеу үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Ішкі сапаны бағалау мыналарды қамтиды:
- Білім беру ортасын және әдістемелік материалдарды бағалау
- Студенттің оқу қызметінің сапасын және оның нәтижелерін бағалау
- Студенттер мен оқытушылардан кері байланыс алу
- Кадр құрамының сапасын бағалау.
Ішкі сапаны бағалау нәтижелері есепке алынады және басқару шешімдері мен алдын алу шараларын қабылдау үшін қолданылады.
