
Қос дәрежелі білім
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясына, Еуразиялық университеттер қауымдастығына, ТМД және Балтық елдерінің халықаралық зерттеулер қауымдастығына, Халықаралық университеттер қауымдастығына және Еуропалық жоғары оқу орындары қауымдастығына кіреді. 2005 жылы университет Италияның Болонья қаласында Еуропа университеттерінің Ұлы хартиясына қол қойды.
Халықаралық ынтымақтастық Еуропалық Одақ, Америка және Океания, Азия және Африка, ТМД елдерінің жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен басқа да ғылыми ұйымдарымен, халықаралық ғылыми-білім беру қорларымен, Қазақстандағы елшіліктер мен өкілдіктерімен жасалған 116 келісім негізінде жүзеге асырылады. 2001 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы ашылды.
Қазақстандық жоғары оқу орындары арасынан алғаш рет Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ТМД елдері Желі университеті және ШЫҰ университеті аясында қосдипломды магистратура бағдарламасын жүзеге асыруды бастады.
2014 жылдан бастап кафедрада Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен «Дубна» Табиғат, қоғам және адам халықаралық университеті арасындағы қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша магистранттарды даярлау жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама 2015 жылғы 22 маусымдағы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен «Дубна» университеті, Халықаралық үкіметаралық ұйым – Біріккен ядролық зерттеулер институты және ҚР Энергетика министрлігі Атомдық энергия комитетінің Ядролық физика институты арасындағы келісімге және магистратураның келісілген оқу жоспарына сәйкес жүргізілуде.
Қосдипломды білім беру бағдарламасы түлектердің халықаралық тәжірибе алуын және олардың еңбек нарығында табысты ілгерілеуін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Қосдипломды білім беру бағдарламасын табысты аяқтаған түлектер екі университеттің (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және «Дубна» мемлекеттік университеті) дипломдарын алады.
Қазіргі уақытта бұл бағдарламаны сәтті аяқтап, табысты жұмыс істеп жатқан түлектер: Махамбет Асель, Нұрқасымова Махаббат, Ердәулетов Меір, Нұрғалиева Диана, Абдрахманова Ажар, Дәлелова Айдана, Сағындық Бағлан, Қуанышбай Ақжол, Балташ Елнұр.
Бірлескен және қосдипломдық білім беру бағдарламаларының тізімі
- 2023 Келісілген білім беру бағдарламасы. Мәскеу облысының мемлекеттік жоғары оқу орны "Дубна" мемлекеттік университеті. 7M05306 "Физикалық химия"
- 2023 Келісілген білім беру бағдарламасы. Мәскеу облысының мемлекеттік жоғары оқу орны "Дубна" мемлекеттік университеті. 7M05301 "Қолданбалы химия"
- 2024 Келісілген білім беру бағдарламасы. Мәскеу облысының мемлекеттік жоғары оқу орны "Дубна" мемлекеттік университеті. 7M05306 "Физикалық химия"
- 2024 Келісілген білім беру бағдарламасы. Мәскеу облысының мемлекеттік жоғары оқу орны "Дубна" мемлекеттік университеті. 7M05301 "Қолданбалы химия"
- 2024 Келісілген білім беру бағдарламасы. Нөкіс Ажинияз атындағы педагогикалық институты. 7M01512 "Химия"
- 2024 Келісілген білім беру бағдарламасы. Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достастығы университеті (РУДН). 7M05307 "Органикалық заттар химиясы және мұнай химиясы"
- 2024 Келісілген білім беру бағдарламасы. Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достастығы университеті (РУДН). 7M05307 "Органикалық заттар химиясы және мұнай химиясы" (ағылшын тілінде)
- 2024 Келісілген білім беру бағдарламасы. Nanning Normal University (Қытай). 6B05302 "Химия".
- 2024 Келісілген білім беру бағдарламасы. Nanning Normal University (Қытай). 6B05306 "Бейорганикалық химия".
