
Минор қосымша бағдарламалар каталогы
Қосымша білім беру бағдарламасы (Minor) ЕҰУ-нің білім беру бағдарламаларына 2020 жылдан бастап енгізілді және 6-семестрде 15 кредит көлемінде жүзеге асырылады. Minor - бұл білім алушының қосымша кәсіби құзыреттерді қалыптастыру мақсатында өз бетінше таңдайтын пәндер және (немесе) модульдер, сондай-ақ оқу жұмысының өзге де түрлерінің жиынтығы. Minor циклі пәндерін әзірлеу 2019 жылдан бастап білім беру бағдарламаларының іске асырылуын талдау негізінде, кафедралардың кадрлық және ғылыми әлеуетін, өңірлік еңбек нарығындағы тиісті мамандарға сұранысты, сондай-ақ жұмыс берушілер мен білім алушылардың пікірлерін ескере отырып жүргізілді. 3-курс білім алушылары жеке оқу траекториясын қалыптастыру барысында негізгі білім беру бағдарламасындағы пәндерді ЕҰУ-нің барлық факультеттері ұсынатын қосымша білім беру бағдарламасының (Minor) пәндеріне ауыстыру мүмкіндігіне ие. Әрбір қосымша білім беру бағдарламасы үшін элективті пәндердің жеке каталогы (ЭПК) әзірленеді.
2026 жылғы қабылдау үшін химия кафедрасы «Жасыл химия» пәнін ұсынады. Аталған пәннің мақсаты - білім алушыларда химиялық ғылымның заманауи бағыты болып табылатын жасыл химияның қағидаттары туралы жүйелі және тұтас түсінік қалыптастыру, сондай-ақ химиялық процестер мен өнімдердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін теріс әсерін азайтуға бағдарлау.
