
КафедраларХимияОқу-әдістемелік қызмет
Педагогикалық шеберлік мектебі
Педагогикалық тәлімгерлік – бұл білім беру ұйымдарында педагогикалық қызмет өтілі аз жас оқытушылармен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстың бір түрі.
Білім беру жүйесіндегі тәлімгерліктің мақсаты – қалыптасып келе жатқан тұлғаға тікелей әсер ету, оны оқытуға, белсенді әлеуметтендіруге, өнімді дамуға және әлеуметтік бейімделуге бағыттау, тәжірибені тәлімгерден тәлім алушыға беру арқылы жүзеге асыру.
Тәлімгерліктің нысаны – білім мен тәжірибе алмасу процесінің өзі, ал субъектілері – тәлімгерлер мен тәлім алушылар.
Педагогикалық тәлімгерліктің негізгі міндеттері мыналар:
- Жас оқытушылардың педагогикалық қызметке деген қызығушылығын арттыру;
- Жас оқытушының кәсіби қалыптасу үдерісін жеделдету және өзіне жүктелген міндеттерді өз бетінше әрі сапалы орындау қабілетін дамыту;
- Корпоративтік мәдениетке бейімделу, кафедра ұжымының үздік дәстүрлерін меңгеру, мінез-құлық ережелерін ұстану, оқытушылық қызметке саналы әрі шығармашылық көзқарасты қалыптастыру.
Құжаттама
- Педагогикалық шеберлік мектебінің жұмыс жоспары, хаттамалары және есебі
