
Биотехнология және микробиология кафедрасында молекулярлық биология, биохимия, вирусология, гендік инженерия, микробиология, өсімдіктер физиологиясы, аквакультура, аквапоника мен гидропоника және тағы басқа салалардан іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіледі.
Биотехнология және микробиология кафедрасының базасында келесі ғылыми мектептер жұмыс істейді:
Кафедра меңгерушісі Ж. К. Масалимовтың ғылыми ұжымы абиотикалық стресс факторларының (тұздану, ауыр металдар, құрғақшылық, төмен температура) өсімдіктерге әсері саласындағы іргелі зерттеулермен айналысады.
Профессор З. А. Аликуловтың ғылыми ұжымы шөл жағдайларына төзімді галофитті өсімдіктерді өсіру саласында зерттеулер жүргізеді. Экологиялық таза балық өнімін алу үшін аквабиокультураның экологиялық таза өнімін алудың инновациялық биотехнологиясын, отандық балық азығын өндіру технологиясын әзірлеу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді, бакалавриат, магистратура және докторанттар ғылыми зерттеулер жүргізетін және баға жетпес практикалық тәжірибе алатын, "Аквапоника" зертханасында өндірістік және диплом алдындағы практикадан өтетін "Аквапоника" үйірмесі жұмыс істейді.
Рүстем Омаров атындағы ғылыми зертханада PhD, доцент міндетін атқарушы Н.Н. Иқсат жетекшілігмен «PlantLab» ғылыми клубы жұмыс істейді. Клубтың зерттеулері қазіргі заманғы өсімдіктер биотехнологиясы мен молекулалық вирусологиядағы қазіргі заманғы үрдістерге бағытталған. Клуб мүшелері вирус-өсімдік өзара әрекеттесуінің молекулалық механизмдерін, гендік инженерияға заманауи тәсілдерді, CRISPR/Cas жүйелерінің әлеуетті қолданылуын және РНҚ-интерференция механизмдерін зерттейді. Клуб арқылы бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері ғылыми жобаларға қатысады, заманауи зертханалық және молекулалық биология әдістерін меңгереді, ғылыми деректер мен әдебиеттерді талдайды, ғылыми басылымдарды дайындауға үлес қосады және зерттеу нәтижелерін конференциялар мен байқауларда ұсынады. Клубта жұмыс істеу зерттеу құзыреттіліктерін дамытуға, практикалық дағдыларды дамытуға және тәуелсіз ғылыми жұмыста тәжірибе жинауға ықпал етеді.
Кафедраның ғылыми мектептері мен топтары әзірлеген зерттеу бағыттары қазіргі уақытта тек өзекті ғана емес, сонымен қатар биотехнологияны дамытудың заманауи бағыттары тұрғысынан перспективалы болып табылады.
Кафедраның ғылыми зерттеу бойынша есебі-2018 жыл
Кафедраның ғылыми зерттеу бойынша есебі-2019 жыл
Кафедраның ғылыми зерттеу бойынша есебі-2020 жыл
Кафедраның ғылыми зерттеу бойынша есебі-2021 жыл
Кафедраның ғылыми зерттеу бойынша есебі-2022 жыл
Кафедраның ғылыми зерттеу бойынша есебі-2023 жыл
Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметіне студенттер, магистранттар және жас ғалымдар белсенді қатысады. Білім алушылар ғылыми-зерттеу байқауларына, конференцияларға және әртүрлі деңгейдегі басқа да ғылыми іс-шараларға қатысады.
Студенттер мен магистранттардың маңызды жетістіктерінің қатарында Бірінші Президент Қорының «Болашақ ғалымдар» жобасы аясындағы «2018 жылғы студенттер арасындағы үздік ғылыми жұмыс» байқауындағы I орынды, сондай-ақ «Өсімдіктерді қорғаудағы заманауи тәсілдер мен әдістер - 2018» Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференциясындағы I дәрежелі дипломды атап өтуге болады. 2019 жылдан 2026 жылға дейін кафедра студенттері мен магистранттары әртүрлі деңгейдегі конференцияларда жүлделі орындарға ие болды.
2023 жылы «Үздік магистрлік жұмыс» университетішілік байқауында 1-орынды «Молекулалық биотехнология» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Сатканов М.Ж. иеленді. Сол жылы кафедраның аға оқытушысы, PhD Казбек Дюсембаевтың экологиялық жобасы гранттық қолдауға ие болды. Жоба аясында алма ағашының саңырауқұлақ ауруларын кПТР әдісі арқылы жедел және нысаналы анықтау тәсілі әзірленді. 2024 жылы кафедраның доцент м.а., PhD Иқсат Нұргүл «Жаңа Асу» бағдарламасы бойынша гранттық қолдауға ие болды.
2026 жылы кафедраның білім алушылары студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) және магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары (МҒЗЖ) бойынша Республикалық байқауға қатысып, келесі марапаттарға ие болды: СҒЗЖ бойынша III орын - «Жануарлар биотехнологиясы және биоинформатика» ББ 4-курс студенттері Курмангалиев Даулет, Белгібай Сауат; МҒЗЖ бойынша II орын - «Молекулалық биотехнология және биомедицина» ББ 1-курс магистранты Артыкбаева Дана, III орын - «Молекулалық биотехнология және биомедицина» ББ 1-курс магистранты Берикова Мадина.
Биотехнология және микробиология кафедрасының базасында ғылыми жобаларды орындайтын жас оқытушылар мен студенттерге арналған ғылыми мектептердің жұмыс істеуі жалғасын табуда. Мәселен,ҚР ҒЖБ министрілігімен 2023-2025 жылдарға арналған «Жас Ғалым» гранттық қаржыландыру бағдарламасы аясында кафедраның жас оқытушылары келесі жобаларды жүзеге асыруға гранттарды жеңіп алды:
1) AP19174389 "Өсімдіктердің вирусқа қарсы тұрақтылығын ынталандыру үшін гендерді редакциялау жүйесінің CRISPR/Cas13 модуляциясы" жетекшісі Иқсат Нұргүл Нұрқанатқызы
2) АР19174970" Ағзаның иммундық және генетикалық жүйесіне радиактивті және химиялық заттардың бірлескен әсерінің салдарын бағалау", жетекшісі Ильдербаева Гүлжан Оралбекқызы
3) "Температуралық стресстің әсерінен дәнді дақылдардың бейімделу механизмдерін зерттеу", жетекшісі Жанасова Құралай Ерденқызы
Гранттық қаржыландыру аясында келесі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары 2023-2025 жылдары жүргізіледі:
AP19679597 "Біріктірілген стресстегі өсімдіктерді мультисистемалық қорғауды зерттеу". Жетекшісі - Масалимов Жақсылық Қайырбекұлы
AP19680579 "Экологиялық таза балық өнімдерін алу үшін отандық балық азығын өндіру және технологиясын әзірлеу " жетекшісі - Аликулов Зерекбай Аликулович
AP19676731 "Дәнді дақылдардың стресске төзімділігін арттырудың жаңа стратегияларын жасау үшін сигналдық молекулалардың рөлін зерттеу " жетекшісі - Құрманбаева Асылай Бақтыбайқызы
AP19679378 "Ауыл шаруашылығында өсімдіктердің өнімділігі мен тұздануға төзімділігін арттырудың жаңа стратегияларын жасау үшін инновациялық биологиялық зерттеулер " жетекшісі - Жанғазин Саян Берікұлы
2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобалары аясында кафедра келесі ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады:
AP22684942 «Ағынды суларды тазарту және топырақ сапасын жақсарту үшін биокөмірді көпфункционалды қолдану» жетекшісі - Канафин Ерканат.
AP22685648 «Топырақты ауыр металдардан экспресс тазартудың инновациялық технологиясын жасау» жетекшісі - Бейсекова Молдир Кудиярбековна.
2025-2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобалары аясында AP27508003 «CRISPR/Cas13 негізінде фитопатологиялық диагностикаға инновациялық тәсілдерді зерттеу» ғылыми зерттеуі жүзеге асырылады, жетекшісі - Иқсат Нұргүл Нұрқанатқызы.
Қаржыландырылатын жобалардан бөлек, кафедра базасында қаржыландырылмайтын ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізіледі. Азық-түлік биотехнологиясы саласында - Сагындыков У.З.; паразитология және балық шаруашылығын дамыту саласындағы зерттеулер к.б.ғ.к. Аубакирова К.М. жетекшілігімен жүргізіледі.
Конференциялар:
Жыл сайын студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар қатысатын «Омаров оқулары» халықаралық ғылыми форумы өткізіледі.
«Омаров оқулары -2023» халықаралық ғылыми форумының материалдары
«Омаров оқулары -2024» халықаралық ғылыми форумының материалдары
«Омаров оқулары -2025» халықаралық ғылыми форумының материалдары
«Омаров оқулары -2026» халықаралық ғылыми форумының материалдары
