
8D05213 - География
8D05213 - География
Қолдану саласы
Білім беру бағдарламасы «8D05213 - География» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторларын дайындауға арналған.
Берілетін дәреже
«8D05213 - География» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы
Білім беру бағдарламасының мақсаты
географиялық және геоэкологиялық мәселелерді шешумен байланысты қазақстандық және халықаралық ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, жеке және мемлекеттік компаниялар үшін біліктілігі жоғары зерттеушілерді дайындау.
Бағдарлама иеленген мамандығына сәйкес география және геоэкология салаларындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік міндеттерді шешумен байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыруға; теориялық, далалық, зертханалық, эксперименттік және есептеу зерттеулерін ұйымдастыру мен жүргізу үшін жетекші немесе ғылыми ұжымның мүшесі ретінде қатысуға; географиялық және геоэкологиялық зерттеулердің әдіснамасын, жаңа әдістері мен технологияларын, география ғылымы саласындағы нормативтік және әдістемелік құжаттарды, географиялық және геоэкологиялық бағыттағы жоғары және орта кәсіби білімнің оқу-әдістемелік құжаттарын құрастыруға және т.б. дайын жоғары санатты мамандарды әзірлеуге бағытталған..
Маманның лауазымдарының тізімі
- География және су қауіпсіздігі институты мен оның филиалдарының ғылыми қызметкерлері;
- түрлі ұйымдардың, жобалау, ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, ғылыми қызметкерлері;
- Мемлекеттік басқару органдарының және білім басқармасының, қоршаған ортаны қорғау ұйымдарының, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметкерлері;
- Түрлі министрліктердің, жобалау, ғылыми-зерттеу ұйымдарының ғылыми қызметкерлері;
- Жоғары және орта арнайы білім беру оқытушысы;
Кәсіби қызмет саласы
- Кәсіби қызмет саласы зерттеумен байланысты салалардағы ғылыми-зерттеу, өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушылық-басқару, жобалық, сараптамалық, педагогикалық жұмыстарды қамтиды.
Құжаттар
- Білім беру бағдарламасы
- Элективті пәндер каталогы
- Даму жоспары
- Сараптамалық қорытынды
- Аккредиттеу сертификаты
