
КафедраларФизикалық және экономикалық географияБілім беру бағдарламалары
6B01524 – География педагогтерін даярлау
6B01524 – География педагогтерін даярлау
Қолдану саласы
Білім беру бағдарламасы жаратылыстану ғылымдары бойынша педагогтерді дайындауға арналған.
Берілетін дәреже
6B01524 - «География педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Білім беру бағдарламасының мақсаты
География саласындағы теориялық білім мен қолданбалы дағдыларды меңгерген, мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру үшін заманауи білім беру технологияларын қолдана алатын география педагогтерін даярлау.
Маманның лауазымдарының тізімі
- география пәнінің мұғалімі;
- жаратылыстану пәнінің мұғалімі;
- мектепте туристік-өлкетану және экологиялық жұмыстарды ұйымдастырушы.
Кәсіби қызмет саласы
- Білім беру саласы, тәрбие және әдістемелік жұмыс саласы, мектептегі туристік-өлкетану және экологиялық қызмет саласы.
- Олар кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады, яғни жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде және басқа оқу орындарында география пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, олар білім беру әдістемелерін жетілдірумен, оқу бағдарламаларын әзірлеумен және географиялық білімді таратуға бағытталған зерттеулермен айналыса алады. беру саласы, тәрбие және әдістемелік жұмыс саласы, мектептегі туристік-өлкетану және экологиялық қызмет саласы.
Құжаттар
- Білім беру бағдарламасы
- Элективті пәндер каталогы
- Даму жоспары
- Сараптамалық қорытынды
- Аккредиттеу сертификаты
