
ЕҰУ студенттері «6B05210 – Гидрология» бойынша республикалық олимпиадада үздік нәтиже көрсетті



























2026 жылғы 24 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында «6B05210 – Гидрология» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада онлайн форматта өтті.
Олимпиадаға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 4 команда құрамында 12 студент қатысты. Қатысушылар теориялық, практикалық және жобалық кезеңдерден тұратын үш тур бойынша бақ сынады. Соңғы кезеңде «Smart Water Governance: су секторындағы цифрлық және интеллектуалды технологиялар» тақырыбында жобалар қорғалды.
Командалық есеп нәтижесінде І дәрежелі дипломды ЕҰУ-дың «HydroSmart» командасы (Ташева Ерке Айдосқызы, Еркіналы Айкөркем Қайратқызы, Торбаева Аружан Уалиханқызы) иеленді. Ғылыми жетекшісі – PhD, доцент м.а. Токсанбаева Сабина Тұрсыновна. ІІ орынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Гляцио» командасы, ал ІІІ орынды ҚазҰУ-дың «Springs» командасы алды.
Жеке есеп бойынша І дәрежелі дипломмен ЕҰУ студенті Ташева Ерке Айдосқызы, ІІ дәрежелі дипломмен ҚазҰУ студенті Бахыт Жания Жомартқызы, ІІІ дәрежелі дипломмен ЕҰУ студенті Еркіналы Айкөркем Қайратқызы марапатталды.
Олимпиада қорытындысы қатысушылардың жоғары кәсіби даярлығын, ғылыми-зерттеу дағдыларын және заманауи гидрологиялық мәселелерді шешудегі қабілеттерін көрсетті.
Кафедра ұжымы жеңімпаздарды құттықтап, алдағы ғылыми және кәсіби қызметтеріне табыс тілейді.
