
ЖҒИ-де Shimadzu аналитикалық жабдықтарының презентациясы өтті









2026 жылы 22 сәуірде Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары институтында Shimadzu Corporation (Жапония) компаниясының қазақстандағы ресми дистрибьюторы – «IC Lab» ЖШС ұйымдастырған заманауи аналитикалық жабдықтар презентациясы өтті.
Іс-шара барысында ғылыми зерттеулерге арналған аспаптар мен әдістемелік шешімдер таныстырылды: хроматография, масс-спектрометрия, молекулалық спектроскопия, атомдық-абсорбциялық спектроскопия (AAS), жалпы органикалық көміртекті талдау (TOC) және термиялық талдау (TA). Баяндамашылар – Ахметов Серік (сату бөлімінің басшысы), Фармаковский Дмитрий (хромато- және масс-спектрометрия тобының жетекшісі) және Цупрева Виктория (молекулалық спектроскопия, AAS, TOC, TA маманы) – қатысушыларды ұсынылған жүйелердің техникалық сипаттамалары мен қолдану салаларымен толық таныстырды.
Презентацияға институттың студенттері, магистранттары, докторанттары және оқытушылары қатысты. Іс-шара заманауи аспаптық талдау әдістері және олардың ғылыми-зерттеу қызметіндегі мүмкіндіктері туралы білімді кеңейтуге ықпал етті.
