
Химия кафедрасында қызылша тақырыбына кураторлық сағаттар өткізілді
ЕҰУ жаңалықтары
22.04.2026 81















2026 жылы 15 сәуірде Еуразия ұлттық университетінде жаратылыстану ғылымдары институтында, химия кафедрасында қызылша (корь) ауруына байланысты әртүрлі тақырыптарға арналған кураторлық сағаттар өткізілді. Олардың қатарында қызылшаның таралу жолдары, белгілері мен асқынулары, алдын алу шаралары, вакцинацияның маңызы және иммунитет қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Іс-шараға «Органикалық заттар және полимерлер химиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс білім алушылары (қазақ, орыс, ағылшын топтары), сондай-ақ топ кураторы аға оқытушы Жумабаева Г.К қатысты. Аталған шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттер талқылауларға белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Бөлісу:
