
ЕҰУ магистранттары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ғылыми тағылымдамадан өтуде













Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «7M01524 – География педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасының қысқы қабылдау бойынша 2-курс магистранттары 2026 жылғы 11 сәуірде Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ғылыми тағылымдамаға аттанды.
Ғылыми тағылымдама бекітілген жоспарға, ғылыми тағылымдама туралы ережеге және тиісті бұйрыққа сәйкес 2026 жылғы 11–25 сәуір аралығында өтуде.
Тағылымдама барысында әрбір магистрантқа зерттеу бағытына сәйкес ғылыми жетекші бекітілген. Ғылыми жетекшілер магистранттардың магистрлік диссертация тақырыптары бойынша кеңес беріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағытын айқындауға қолдау көрсетуде.
Қазіргі уақытта магистранттар магистрлік диссертацияларын әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар тағылымдама аясында экскурсиялар ұйымдастырылып, қатысушылар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми инфрақұрылымы мен білім беру мүмкіндіктерімен танысуда.
Аталған тағылымдама магистранттардың ғылыми әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және зерттеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
