
2026 жылғы 13 сәуірде сағат 13:00-де ЦИСИ корпусының 333 аудиториясында өзекті тақырыпқа арналған ғылыми семинар өтті: «Smart Water Kazakhstan: фрагменттік есептен цифрлық мемлекеттік басқарудың геожүйесіне көшу».
ЕҰУ жаңалықтары
13.04.2026 24









Семинар аясында Қазақстан Республикасының су ресурстарын цифрландырудың заманауи тәсілдері, бытыраңқы есеп жүйелерін бірыңғай геоақпараттық платформаға біріктіру мәселелері, сондай-ақ су тапшылығының күшеюі жағдайында су ресурстарын «ақылды» басқару технологияларын енгізу перспективалары қарастырылды.
Баяндамашы ретінде гидрология және табиғи ресурстарды цифрлық басқару саласының маманы, философия докторы (PhD), доцент м.а. Алагуджаева Манира Аманкельдиевна сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылар ғылыми нәтижелер мен практикалық ұсыныстармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қазақстанның су шаруашылығын дамыту перспективаларын талқылауға белсенді қатысты.
Бөлісу:
