
ЕҰУ профессоры Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей оқушыларымен кездесті







2026 жылғы 10 сәуірде Жаратылыстану апталығы мен кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физикалық және экономикалық география кафедрасының профессоры, география ғылымдарының докторы Сапаров Қуат Табылдыұлы 11-сынып оқушыларымен және «География клубы» мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында ғалым «Мамандық таңдау – болашаққа бағдар» және «Туған өлкенің тарихи-географиялық жер-су топонимдері» тақырыптарында мазмұнды әңгіме өрбітті. Ол өз өмір жолы мен ғылымдағы жетістіктері туралы айтып, география ғылымының бүгінгі даму бағыттарына кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар оқушыларға ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызын түсіндіріп, табиғатты қорғау және оны тиімді пайдалану мәселелері жөнінде құнды ойларымен бөлісті. Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Еркін форматта өткен сұхбат оқушылардың география пәніне қызығушылығын арттырып, олардың болашақ мамандық таңдауы мен ғылымға бет бұруына оң әсер етті. Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың таным көкжиегін кеңейтіп, білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал етеді.
