
«Туберкулезге қарсы іс-қимыл және оның алдын алу» тақырыбындағы кураторлық сағат



«Туберкулезге қарсы іс-қимыл және оның алдын алу» тақырыбы бойынша ОХМ-21, ОХМ-22, БХМ-21, ҚХМ-21 топтарында өткен Кураторлық сағаттың есебі Өткізілген күні: 11.03.2026, аудиториясы 119 Кураторлық сағат барысында келесі негізгі мәселерге егжей-тегжейлі тоқталынды: 1. Туберкулездің алғашқы белгілерін тану Студенттерге аурудың қарапайым суық тиюден айырмашылығын түсіндірді. Мына белгілер байқалған жағдайда дереу дәрігерге көріну қажеттігі айтылды: • 2-3 аптадан артық тоқтамайтын жөтел; • Кешкісін дене қызуының аздап көтерілуі (37,2−37,5 °C); • Түнгі уақытта шектен тыс терлеу; • Себепсіз салмақ тастау және тез шаршағыштық. 2. Скрининг және флюорографияның маңызы Студенттер арасында «рентген сәулесі зиян» деген жаңсақ пікірді түзетіп, куратор заманауи цифрлық флюорографияның қауіпсіз екенін атап өтті. • Жылына 1 рет міндетті түрде тексеруден өту — ауруды ерте кезеңде анықтаудың жалғыз тиімді жолы екені ескертілді. 3. Жұғу жолдары мен әлеуметтік жауапкершілік Туберкулездің тек әлеуметтік жағдайы төмен ортада емес, кез келген қоғамдық орында (автобус, СОО, оқу орны) жұғуы мүмкін екенін айтты. • Этика: Егер студент өзін жайсыз сезінсе, сабаққа келмей, үйден оқшаулануы немесе бетперде тағуы тиіс екені түсіндірілді. 4. Салауатты өмір салты (СӨС) Иммунитетті нығайтудың нақты жолдары ұсынылды: • Дұрыс тамақтану: Белокқа (ет, сүт өнімдері) бай тағамдарды тұтыну; • Зиянды әдеттер: Шылым шегу және вейп қолдану өкпенің эпителий қабатын зақымдап, Кох таяқшасының енуіне жол ашатыны қатаң ескертілді. Қорытынды: Кураторлық сағат соңында студенттер туберкулездің емделетін ауру екенін, бірақ оны дер кезінде анықтау өте маңызды екенін түсінді. Топ мүшелері салауатты өмір салтын ұстануға және жеке гигиена ережелерін сақтауға шақырылды.
