
Химиядағы конструктивистік тәсіл және сыни ойлауды дамыту





2 наурыз 2026 жылы химия кафедрасының доценті Ф.О. Суюндикованың «7М01512 – Химия» білім беру бағдарламасының магистранттарына арналған «Химия бойынша оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу әдіснамасы» пәні бойынша ашық дәрістік сабағы өткізілді. Сабақтың тақырыбы: «Конструктивистік тәсіл: білім алушылардың химияны оқыту процесіне белсенді қатысуы. Сыни ойлауды және дербес жұмыс дағдыларын дамыту». Сабақта конструктивистік парадигманың негізгі ережелері мен идеялары, контекст пен проблемалықтың маңызы, білім алушылардың сыни химиялық ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері мен құралдары, жобалардың рөлі мен нысандары, конструктивистік зертхананың ерекшеліктері қаралды. Сабақ соңында аналитикалық тапсырмалар қарастырылды: алкендерді гидратациялау бойынша оқу жағдайын талдау және дәстүрлі сабақ үзіндісіне сыни баға беру. Ашық сабаққа кафедра доценттері қатысып, дәрістің жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейін және оның болашақ химия мұғалімдері үшін практикалық маңыздылығын атап өтті.
