
ЕҰУ химия кафедрасының оқытушылары Бұхара мемлекеттік техникалық университетінде болды

2026 жылғы 17 қарашада бағдарламалық-нысаналы жобаны іске асыру шеңберінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жаратылыстану ғылымдары факультетінің химия кафедрасының оқытушылары Бұхара мемлекеттік техникалық университетіне (Өзбекстан Республикасы, Бұхара қ.) барды.
Кездесу барысында тараптар өз университеттерінің білім беру және ғылыми қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, академиялық өзара іс-қимылдың, тәжірибе алмасудың және бірлескен бастамаларды іске асырудың перспективаларын талқылады. Химиялық инженерия саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Қатысушылар ортақ ғылыми қызығушылықтарды және зерттеу бағыттарының өзара түйісу нүктелерін анықтады, бұл бірлескен ғылыми жобаларды одан әрі жүзеге асыруға және университетаралық зерттеу алаңын қалыптастыруға негіз болды.
Сонымен қатар бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеу, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, сондай-ақ Орталық Азия елдері университеттері арасындағы серіктестік байланыстарды нығайту перспективалары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша халықаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы келісімге қол жеткізілді, ол бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін одан әрі дамытуға негіз болады.
