
АСТАНАДА АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Елордадағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген экологиялық ағарту» атты халықаралық экологиялық конференция өтті. 2026 жылдың 28, 29-қазанда өткен форум 400-ден астам қатысушыны – жетекші сарапшыларды, ғалымдарды, халықаралық дипломаттар мен жастардың экологиялық қозғалыстарының белсенділерін біріктірді. Күн тізбесі бойынша қатысушылар бірқатар тұжырымдамалық баяндамаларды тыңдады. Шетелдік және Қазақстандық ғалымдар экологияны қоршаған орта мен адам арасындағы екіжақты өзара байланыс ретінде қарастыра отырып, денсаулықтың медицина және гастроэнтерология салаларымен байланысын ғаламдық деңгейдеталқылады.
ХалықаралықсарапшыларОрталықАзиядағы су-климаттықдағдарысқажәнеқұрғақөңірлердегі су ресурстарынкешендібасқарумәселелерінеерекшеназараударды. Қоғамқайраткерлеріазаматтықэкомониторинг, қоғамдықпікірдіңрөліжәне «Таза ғаламшар» жобасыаясындаэкомәдениеттіқалыптастырубойыншанақтыкейстердіұсынды.
«Экология негіздеріжәнетұрақты даму стратегиясы: ғылымишешімдер мен экологиялық мониторинг» тақырыбында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Жаратылыстану ғылымдары институты. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасының PhD докторы Рахымжан Жанар баяндама жасады.
«Ластанған немесе деградацияға ұшыраған жерлерді механикалық жолмен ғана емес, табиғи биологиялық ресурстарды (микроорганизмдер мен өсімдіктерді) қолдана отырып сауықтыру – тұрақты дамудың ең тиімді экономикалық әрі экологиялық үлгісі. Экологиялық тұрақтылыққа жету үшін ғылыми зерттеулер, индустрия және ESG стандарттарын ұстанатын бизнес бір арнада тоғысуы тиіс», – деді ол.
