
Химия кафедрасының 4-курс студенттеріне арналған психология тақырыбындағы кураторлық сағат
ЕҰУ жаңалықтары
12.11.2026 14

25 қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жаратылыстану ғылымдары институтында, Химия кафедрасында психология тақырыбына арналған кураторлық сағат өтті.
Кездесу барысында аурудың таралу жолдары, белгілері мен асқынулары, алдын алу шаралары және иммунитет қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар күйзелісті басқару, мінез-құлықты қалыптастыру және түрлі эмоциялық жағдайдағы адамның өзін-өзі басқаруы туралы айтылды.
Іс-шараға «Органикалық заттар және полимерлер химиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушылары (қазақ, орыс және ағылшын топтары) мен топ кураторы, аға оқытушы Жумабаева Г.К. қатысты. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Бөлісу:
