
4-курс студенттеріне Қазақстан Президентінің Жолдауына арналған кураторлық сағат

2026 жылдың 10 қарашасы күні B053-5302-23-01 және B053-5302-23-03 топтарының 4-курс білім алушыларына «Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – ел дамуының жаңа бағыттары» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағат барысында білім алушылар Президент Жолдауында көтерілген мәселелер бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Талқылау кезінде білім алушылар білім сапасын арттыру, заманауи технологияларды меңгеру, цифрлық сауаттылықты дамыту, жастардың жұмыспен қамтылуы және болашақ мамандардың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы пікір алмасты.
Білім алушылар еліміздің болашағы жастардың сапалы біліміне, белсенділігіне және еңбекқорлығына байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ, әрбір жас азаматтың ел дамуына өз үлесін қосуы қажеттігі жөнінде ой бөлісті.
Талқылау барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Жолдауда айтылған бастамалардың қоғам өміріндегі маңыздылығына тоқталды.
