
Химия кафедрасының студенттері арасындағы интеллектуалды викторина























2023 жылдың 2 қарашасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттер арасында, химия кафедрасында 2,3 және 4 курс студенттері арасында “Bilgir Himik” атты интеллектуалды викторинасын өткіздік. Байқауды химия кафедрасының доценті Бейсембаева Күлжан Адамбайқызының жетекшілігімен “Спектр” студенттік клубы ұйымдастырды.
Бұл клубтың төрайымы В053-5301-21-01 тобының 3-ші курс студенті Абдиғали Аружан және В053-5306-21-01 тобының 3 курс студенті организатор Сафина Дильназ ұйымдастырды.
Ойынның мақсаты: химиялық білімдерін кеңейту, эрудицияны арттыру, сайыстар мен тәжірибелерді қызықты түрде өткізу, химия еліне саяхат.
Қазылар алқасы ретінде химия кафедрасының оқытушылары Джакупова Жанар Ерекеевна, Жатқанбаева Жанна Каланбетовна, Машан Тоғжан Тұрғалиқызы шақырылды.
Командалар арасында білімдерінің тереңдігі ғана емес, ұйымшылдықтары, тапқырлықтары, алғырлықтары, логикалық қабілеттері мен жауаптарының өзіндік ерекшеліктері де ескерілді. Зияткерлік викторина барлығы үшін жаңа тәжірибе болып, қызықты өтті. Ойын үш кезеңнен және бес командадан тұрды. Әр команда біздің назарымызға өзінің визиткасын, эмблемасын және топ атауын ұсынды. Ойын барысында әр команда бізге өзінің ерекшелігін, тапқырлығын және зертханалық қабілеттерін көрсетті.
Шара соңында әр команда қатысқаны үшін дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.
