
«Әлем діндері» – танымдық квиз

2026 жылғы 10 қазанда Химия кафедрасында 1-курс студенттеріне арналған «Әлем діндері» тақырыбында танымдық іс-шара-квиз ұйымдастырылды.
Іс-шараны Химия кафедрасының аға кураторы Артыкова Ж.К. өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің әлемдік діндер туралы танымдық білімдерін кеңейту, рухани-мәдени құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу, діни сауаттылықты арттыру және толеранттылық мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында студенттер әлемдегі негізгі діндер – ислам, христиандық, буддизм және басқа да діни дәстүрлердің тарихы, ерекшеліктері мен мәдени маңызы туралы ақпарат алды.
Танымдық бөлімнен кейін студенттер арасында интерактивті квиз ұйымдастырылып, әлемдік діндердің тарихы, дәстүрлері мен ерекшеліктеріне қатысты қызықты сұрақтар қойылды.
Студенттер квизге белсенді қатысып, сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Іс-шара барысында діни сенімдерге құрметпен қараудың, мәдени әртүрлілікті түсінудің және қоғамдағы өзара сыйластық пен татулықты сақтаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Мұндай танымдық іс-шаралар студенттердің дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, олардың сыни ойлау қабілетін, мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын және азаматтық жауапкершілігін дамытуға ықпал етеді.
Білім, құрмет және толеранттылық – үйлесімді қоғамның негізі!
