
Германиядағы Rhine-Waal University of Applied Sciences профессорлары ЕҰУ Жаратылыстану ғылымдары институтында болды

2026 жылғы 7 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Жаратылыстану ғылымдары институтында шетелдік ғалымдардың – Германиядағы Rhine-Waal University of Applied Sciences профессорлары Prof. Dr. Steffi Wiedemann мен Prof. Dr. Matthias Kleinke-нің сапары өтті.
Сапар аясында неміс әріптестерімен биотехнология және микробиология кафедрасы мен химия кафедрасының өкілдері кездесті. Тараптар халықаралық ынтымақтастықты дамыту, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыру, студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуы, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары саласында мамандар даярлау перспективаларын талқылады.
Кездесу Институттың халықаралық серіктестігін нығайтуға және бірлескен зерттеулер мен білім беру бастамалары үшін жаңа мүмкіндіктер құруға бағытталған маңызды қадам болды.
