
«6В05208 – Экология және табиғатты пайдалану» ББ білім алушыларының оқу практикасы

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасының «6В05208 – Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушылары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолданбалы экология зертханасы мен Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің базасында оқу практикасынан өтті. Практика екі кезеңде ұйымдастырылды.
2026 жылғы 1–7 маусым аралығында студенттер Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қолданбалы экология зертханасында жұмыс істеді. Зертханалық жұмыстардың нәтижесінде студенттер экологиялық және микробиологиялық талдаудың заманауи әдістерін меңгеріп, қоршаған орта нысандарын зерттеу, сынамаларды талдау және алынған деректерді өңдеу дағдыларын игерді.
2026 жылғы 8–14 маусым аралығында практика Қарағанды облысындағы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жалғасты. Далалық зерттеулер барысында білім алушылар табиғи экожүйелерді зерттеп, геоботаникалық сипаттамалар жүргізді, биоалуантүрлілікке бақылау жасап, табиғи нысандардан сынамалар алып, аумақтардың экологиялық жағдайына бағалау жұмыстарын жүргізді.
Практика барысында парктің табиғи ландшафттарын зерттеуге және қоршаған ортаға антропогендік әсерді бағалауға ерекше назар аударылды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері студенттердің теориялық білімдерін бекітіп, экологиялық мониторинг жүргізудің практикалық дағдыларын меңгеруіне мүмкіндік берді.
Практика қорытындысы бойынша білім алушылар жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін ұсынып, жоғары дайындық деңгейін көрсете отырып, есептерін сәтті қорғады. Практика болашақ экологтардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, ғылыми-зерттеу дағдыларын жетілдіруге және тәжірибелік білімдерін нығайтуға ықпал етті.
