
“Экорейд – табиғатты қорғаудың тиімді тетігі”

«Жалпы биология және геномика» кафедрасының 2 – курс 6В05107 – Биология білім беру бағдарламасының студенттеріне “Экорейд – табиғатты қорғаудың тиімді тетігі” атты түсіндірме жұмыстары Сембаева Ж.П. жетекшілігімен жүргізілді. Экорейдтің мақсаты — қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бақылау және алдын алу шараларын жүргізу. Экологиялық мәселелер қазіргі әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады, олар табиғаттың бұзылуымен, биоәртүрліліктің төмендеуімен, ластанумен және климаттың өзгеруімен байланысты. Бұл мәселелер халықтың денсаулығына, экономикаға және жалпы экожүйеге айтарлықтай кері әсер етеді. Бұл іс-шара экологиялық сананы арттыруға және халықты қоршаған ортаның тазалығы үшін жауапкершілік сезіміне тәрбиелеуге бағытталған.

Экoрейдтің міндеттері: тазалық сақтаудың экологиялық маңызын түсіндіру, қалдықтардың түрлерін ажыратуды үйрету, сұрыптау жүйесінің артықшылықтарын көрсету, экорейдті ұйымдастыру тәртібімен таныстыру және қоғамды белсенді экологиялық әрекетке шақыру. Қалдықтарды қайта өңдеу – тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды арнайы өңдеу арқылы қайтадан пайдалы өнімге айналдыру процесі. Бұл процесс табиғи ресурстарды үнемдеуге, қоршаған ортаның ластануын азайтуға және қоқыс көлемін қысқартуға мүмкіндік береді. Қалдықтарды қайта өңдеу қоршаған ортаның ластануын азайтады, заңсыз қоқыс орындарын анықтайды, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырады, тазалық ережелерінің сақталуын қадағалайды және қоғамдық жауапкершілікті арттырады. Экорейд – табиғатты қорғаудың тиімді тетігі. Ол қоғамды тазалыққа, тәртіпке және экологиялық саналы өмір салтына тәрбиелейді.
