
Химия магистранттарына арналған ғылыми зерттеу әдістемесі бойынша ашық дәріс







2026 жылғы 18 ақпанда Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің химия кафедрасында «7М01512 – Химия» білім беру бағдарламасының магистранттарына арналған «Methodologies and Methods of Scientific Research» пәні бойынша ашық дәріс өтті. Сабақ академиялық дәріс форматында ұйымдастырылып, химия саласындағы заманауи ғылыми зерттеулердің өзекті әдіснамалық аспектілеріне арналды. Дәріс барысында ғылыми ізденісті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, зерттеу әдістерін таңдау және ғылыми нәтижелерді негіздеу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар «Flipped classroom» әдісі қолданылды. Интерактивті оқыту тәсілдері ретінде Baamboozle платформасында геймификация элементтері және Jigsaw әдісі пайдаланылды, бұл білім алушылардың белсенді қатысуына ықпал етті. Ашық дәріске кафедраның доценттері мен оқытушылары қатысып, сабақтың жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейін және болашақ зерттеушілер мен химия пәні мұғалімдерін даярлаудағы практикалық маңыздылығын атап өтті.
