
Физикалық және экономикалық география кафедрасында су балансы бойынша ашық ғылыми семинар өтті







2026 жылғы 19 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физикалық және экономикалық география кафедрасында «Қазақстанның өңірлік өзен бассейндерінің су балансы: қашықтан зондтау деректері мен жаһандық дерекқорлар негізіндегі бастапқы ақпарат пен алдын ала нәтижелер» тақырыбында ашық ғылыми семинар өтті. Семинар спикері – Вадим Япиев, PhD, Экологиялық жүйелер зертханасы, National Laboratory Astana, Nazarbayev University. Баяндамашы Қазақстандағы өңірлік өзен бассейндерінің су балансын бағалау тәсілдерін таныстырып, қашықтан зондтау деректері мен жаһандық дерекқорларды қолдану негізіндегі алдын ала нәтижелерді ұсынды. Іс-шараға оқытушылар мен білім алушылар қатысып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Семинар соңында сұрақ-жауап бөлімі өтіп, қатысушылар зерттеу әдістемесі мен алынған нәтижелерге қатысты сұрақтарын қойды.
