
Университетаралық пікірталас алаңы: студенттер ғылымның шегіндегі химиялық эксперименттерді талқылады













2024 ж 27 қарашасында «Астана медицина университеті» КеАҚ-ның жалпы және биологиялық химия кафедрасында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, IT University, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен бірлесіп, «Химияның жұмбақтары: Қызықты тәжірибелер» атты ЖОО-аралық студенттік пікірталас платформасы өткізілді.
«Органикалық заттар және полимерлер химиясы» ОП 3 курс студенттері Амангелді Ақтайлақ, Кеңесбай Айдана, Кулешова Альбина, Қайырбек Айғаным және Қолғанат Қарашаш белсенді қатысып, сертификаттарға ие болды
Іс-шараны ұйымдастырушылар PharmHub фармацевтикалық студенттер қауымдастығы.
Іс-шараның мақсаты: болашақ жобалар, қызықты және құпия химиялық эксперименттер жүргізуде тәжірибе алмасу үшін университеттердің химия мамандықтары бойынша оқитын студенттерін біріктіру.
