
Химия кафедрасы ұйымдастырған Астана қаласы мектептерінің 7-10 сыныптары арасындағы химия олимпиадасы









14.01.2023 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Химия» кафедрасында Астана қаласының мектептерінің 7-10 сыныптары арасында химия пәнінен олимпиада өткізілді. Олимпиадаға қатысуға өтініш берген орта мектептер: № 16, № 19, № 20, № 44, № 55;мектеп-лицейлер: № 1,№ 11, № 27 № 48, № 60, №62, №73, №79, № 89; мектеп- гимназиялар: № 2, № 4, № 14, № 30, №32, № 52, № 68, №83, №86; сондай ақ, №81 Халықаралық мамандырылған мектеп «Astana English School», Қаныш Сәтбаев атындағы Binom school, Қадір Мырза Әли атындағы Binom school, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Binom school, Қоянды орта мектебі.
Өтініштің жалпы саны 235, оның ішінде олимпиадаға қатысқан оқушылар саны 174 болды . Олимпиада химия кафедрасында 9:30 - 12:30 аралығында № 3 корпустың 119 аудиториясында өтті. Барлық жұмыстарды комиссия мүшелері тексерді. Жүлделі орындарға ие болған оқушылардың есебі мен тізімін мына жерден жүктеуге болады:
Қазақ тілінде:https://drive.google.com/file/d/1X-_GxhHgmc2FTHpCAE-T5YnZDSQVlAVa/view?usp=share_link
Орыс тілінде:https://drive.google.com/file/d/1HL3WxXTBKqCOd4b1Fw5qzo0qO4KHRb1u/view?usp=share_link
PhD, Доцент м.а. ТОСМАГАНБЕТОВА КУЛЬДИ СУЛЕЙМЕНОВНА
